Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Иә" дедім": Ayree-ге сүйіктісі үйлену туралы ұсынысты Шанхай қаласында жасады

Танымал әнші Ayree жақында тұрмысқа шықпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ayreeofficial/

Өнер иесі қуанышты жаңалығын жеке парақшасында жария етті. 

“Мен “иә” дедім. Барша құттықтаулар мен тілектеріңізге алғыс білдіреміз!Барлығын оқып шықтық. Шүкір, бақыттымыз!”, – деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызының таңдауы Нұркен Қасымов есімді танымал клипмейкерге түскен.

Айта кетейік, өнер иесі ғашығымен бірге Шанхай қаласына арнайы түсірілім жасау үшін барған. Алайда түсірілім барысында ойламаған жерден Ayree-дің сүйіктісі оның алдынан шығып, сақинасын ұсынды. Шоу-бизнес жұлдызы мұндай тосынсыйды мүлдем күтпей, көз жасына ерік берді. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қос ғашыққа бақыт тілеп жатыр. 

“Айри бақытты болуға лайық қыз”, “Кәріс жігітіне ұқсайды екен”, “Қандай керемет жаңалық”, “Нұркенді танимыз, өте жақсы жігіт”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Ayree 18 жасында тұрмысқа шығып, ажырасып кеткенін жазған едік. Өнер иесінің 12 жастағы Әлімхан есімді ұлы бар. 

 

Талқылау