"Хутор" бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталды
Талғарда Шерзат Болаттың өліміне күдіктілердің бастығы делінген "Хутор" бандасының басшысы Хасан Қасымбаев ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сүйенсек, оның ұсталуы 16 жасар Шерзаттың өлімімен емес, 2021 жылғы қылмысқа байланысты болған.
Полицияның мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша тергеу изоляторына орналастырылды. Ол 2021 жылдың маусымында А есімді азаматтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген және ұрлық жасады деген күдікке ілінді.
Бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешіліп жатыр. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Еске салсақ, "Хутор" бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев өзінің кінәсіз екенін айтып, үндеу жасаған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі