Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Home Credit Bank Шымкентте қаржылық сауатты арттыруға бағытталған жаңа жобаны іске қосты

размещение
Home Credit Bank елімізде кәсіпкерлердің қаржылық және салықтық сауатын арттыруға бағытталған жаңа білім беру жобасын бастады. Жоба алғаш рет Шымкент қаласында ұйымдастырылды.

Алғашқы семинар "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында өтіп, оған шағын және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатысты. Шымкенттің таңдалуы да заңды, себебі бұл қала кәсіпкерлік белсенділігі жоғары өңірлердің бірі саналады.
Жоба аясындағы оқыту бағдарламасы нақты тәжірибеге негізделген. Қатысушыларға табысты дұрыс есептеу, қаржы ағындарын басқару, шығындарды тиімді жоспарлау және өз қызметіне сай салық режимін таңдау жолдары түсіндірілді.

Семинардың негізгі спикері – бухгалтер әрі тәжірибелі салық маманы Луиза Шехир. Ол 2026 жылдан бастап енгізілетін салық заңнамасындағы өзгерістерге тоқталып, кәсіпкерлер жиі жіберетін қателерді мысалдар арқылы түсіндірді.

размещение

"Бүгін біз 2026 жылға арналған салық заңнамасындағы өзгерістерді қарастырып, қаржылық сауаттың негізгі тұстарын түсіндірдік. Кәсіпкерлердің көбі алаңдап отырғаны рас, бірақ шын қорқатындай себеп жоқ. Әрине, кейбір өзгерістер бизнестің жұмысына оң әсер етуі мүмкін, сондай-ақ қиындық туғызатын тұстары да бар. Сондықтан басты мақсатымыз – жаңа жүйені дұрыс түсіндіріп, кәсіпкерлерге нақты бағыт беру. Көбіне кәсіпкерлер жеңілдетілген және жалпыға бірдей салық режимдерінің айырмашылығын сұрайды. Әсіресе, қызмет көрсету саласындағылар шығындары аз болғандықтан, жалпы режимге өтуден сескенеді. Кейбіреулер тіпті бизнесті жабу туралы ойлайды. Сондай-ақ ҚҚС пен салық төлеу тәртібі де жиі көтерілетін тақырыптардың бірі. Біз бұл сұрақтардың барлығын нақты кейстер арқылы талдап, түсіндіруді жалғастырамыз", – деді Луиза Шехир.

Семинарда Home Credit Bank-тің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Қанат Тоқабаев сөз сөйледі. Ол кәсіпкерлер үшін банктік құралдардың маңызы мен қаржылық сауаттың рөліне тоқталды.

размещение

"Шағын және орта бизнес – ел экономикасының тірегі. Мемлекет тарапынан бұл бағытқа үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Біз де осы үдерістен тыс қалмай, кәсіпкерлердің қаржылық білімін арттыруға үлес қосуды маңызды деп санаймыз. Білім беру бағдарламасына банк клиенттері ғана емес, қаржылық сауатты арттыруға қызығушылық танытқан кез келген кәсіпкер қатыса алады. Біздің мақсат – кәсіпкерлерге дұрыс шешім қабылдауға көмектесу: салық режимін таңдау, қаржыны басқару, бизнесті тиімді жүргізу және банктік өнімдерді жауапкершілікпен пайдалану. Жобаның Шымкенттен басталғаны біз үшін ерекше мәнге ие. Алдағы уақытта бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде жалғасады. Ең бастысы бұл оқытуға кез келген кәсіпкер қатыса алады", – деді Қанат Тоқабаев.

Шара барысында қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық байқалды. Кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сарапшылардан нақты жауаптар мен кеңестер алды. Семинар ашық диалог форматында өтіп, теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік берді.

Бұл жоба кәсіпкерлердің қаржылық мәдениетін қалыптастыруға және бизнестің тұрақты дамуына ықпал етуді көздейді. Алдағы уақытта осындай оқыту семинарлары еліміздің өзге өңірлерінде де ұйымдастырылып, жоба ауқымы кеңейе түседі. 

размещение

Сонымен қатар банк ресми сайтында қаржылық сауатқа арналған арнайы блог жүргізеді. Онда жеке қаржыны басқару, банк өнімдерін тиімді пайдалану және кәсіпкерлерге арналған есеп жүргізу бойынша пайдалы материалдар тұрақты түрде жарияланып отырады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 09 Сәуір, 2026 16:17