Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық Олимпиадалық комитетінің жаңа президенті сайланды

Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінде ұйымның жаңа басшысы сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:  Milos Bicanski/Getty Images Sport 

ХОК-нің 144-сессиясында Кирсти Ковентри комитеттің оныншы президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте 2013 жылдан бері басшы болған Томас Бахты алмастырды.

Кирсти Ковентри бұл лауазымға сайланған Африка құрлығының алғашқы өкілі. Сондай-ақ Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті болған тұңғыш әйел атанды.

Томас Бах жаңа басшыға өкілеттігін ресми түрде 2025 жылы 23 маусымда тапсыратын болады. 

Айта кетейік, Кирсти Ковентри жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы. Қазіргі таңда Зимбабвенің спорт министрі қызметін атқарады.

Бұған дейін, бокстың 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасына қайта енгізілгенін хабарлаған едік.

Талқылау