Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионаты аясындағы екінші ойында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Венгрияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алаң иелерімен кездесті. Екінші тур аясында өткен матчта отандастарымыз жеңіске жетті. Қазақстандық хоккейшілер сапында Александр Симахин, Даниил Медведев, Егор Красченко және Тимур Миндубаев көзге түсті. Осылайша Мажарстанға қарсы ойында 4:0 есебімен ұтты.
Алғашқы турда Сергей Старыгин шәкірттері Словениядан буллиттер сериясында жеңілді. Енді құрама 23 сәуірде Данияда, 24 сәуірде Австрияға және 26 сәуірде Украинаға қарсы кездеседі.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

