Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Химия, биология, физика бір пәнге біріктіріле ме – Оқу-ағарту министрі шешімін жариялады

Фото: Pixabay.com

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде жаратылыстану ғылымдарын бір пәнге біріктіру туралы министрліктің ұстанымын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

11 желтоқсанда Алматыда өткен II халықаралық жас ғалымдар конгресінде пәндерді біріктіру мәселесі талқыланды. 

"Жаратылыстану ғылымдарын – физика, химия және биологияны бір пәнге біріктіру идеясы қазір қызу талқыланып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі өз ұстанымын анық білдірді: әзірге бұл пәндер біріктірілмейді", – деді министр.

Сүлейменова "физика физика болып қала береді, химия химия, ал биология биология болып қалады" деп атап өтті және әрқайсысы бөлек оқытылады деді.

"Мақсатымыз – мектеп оқушыларының ғымдарды терең және жүйелі түрде меңгеруіне тамаша жағдай жасау. Пәндерді біріктіру реформасы бүгіннен бастап тоқтатылды. Қайталап айтамын, физика, химия және биология жеке пәндер ретінде өз мәртебесін сақтап қалады және жеке пәндер ретінде оқытылады", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда енді мектептерде алгебра мен геометрияны бір пәнге біріктіру ұсынылғаны хабарланған еді. Жаңа мемлекеттік стандартты 2026 жылы енгізу жоспарланғаны туралы хабарланды.

Сол кезде ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов химия, физика және биология пәндерін "жаратылыстану" пәніне, әлем тарихы мен құқық принциптерін "қоғамтану" пәніне, алгебра мен геометрияны "математика" пәніне біріктіруге болатынын түсіндірді.

Бұл идея қоғамдық наразылық тудырды. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев ұсынылған пәндерді біріктіруді "білім беру жүйесіне қарсы" деп атады.

"Алгебра мен геометрияны бір пәнге біріктіруге болмайды. Алгебра абстрактілірек, математикалық құрылымдарды зерттейді және арифметиканы жалпылайды. Геометрия нақты және балаларға теорияны бақыланатын әлеммен байланыстыруға мүмкіндік береді. Оларды бөлек зерттеу керек, бұл пайдалы материалды өзара байланыстыруға мүмкіндік береді", – деді ол.

Оның пікірінше, табысты білім алу үшін бөлек пәндер қажет, ал жаратылыстану және математика оқу бағдарламасында өткізілетін сағаттар санын азайтуға болмайды.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 11 Желтоқсан, 2025 15:34