Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен аралас құрама финалға шықты
Қазақстанның шорт-тректен аралас құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының эстафетасында финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ширек финалда Қазақстан құрамасының атынан Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өнер көрсетті. Тартысты өткен бәсекеде Жапония мен Тайбэйден озып, бірінші нәтиже көрсетті.
Бұл жетістік командаға жартылай финалға шығуға мүмкіндік берді. ½ финалда ел намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Әжғалиева қорғады. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы екінші орын алып, Харбиндегі Азия ойындарының финалына жолдама жеңіп алды.
Финалдық ойын ертең, 8 ақпанда өтеді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

