БАҚ: Иранның рухани көсемі Хаменейдің әйелі қаза тапты

Иранның қаза тапқан жоғары рухани көсемі аятолла Әли Хаменейдің жұбайыда көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ирандық Al Alam телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Хаменейдің әйелі де АҚШ пен Израильдің шабуылынан алған жарақаттарының салдарынан қаза тапты.
NourNews агенттігінің мәліметінше, Хаменейдің әйелі 28 ақпан күні жасалған соққылардан кейін комаға түскен.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды.
Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді