ХАМАС Газадағы биліктен бас тартуға дайын
ХАМАС ұйымы Газа секторындағы бақылауды Палестина ұлттық билігіне беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News Arabia арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Reuters/IBRAHEEM ABU MUSTAFA
Sky News Arabia телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, ХАМАС ұйымының Палестина азаттық ұйымына палестиналық арабтардың мүддесін білдіретін орган ретінде хат жолдағанын хабарлады.
Құжатта Газаны басқаруды тапсыру туралы ұсыныспен қатар бір шарт қойылған: палестиналық анклав аумағында жұмыс істейтін шенеуніктер өз лауазымында қалуы немесе зейнетке шыққан жағдайда оларға төлемдер кепілді түрде қамтамасыз етілуі тиіс.
"Дереккөздер ХАМАС-тың билікті Палестина әкімшілігіне беруге келісуі жақында Каирге барған ұйым делегациясына Мысыр тарапынан жасалған үлкен қысымның нәтижесі екенін растады", – деп жазады Sky News Arabia.
ХАМАС қозғалысы 2007 жылдан бері анклавты бақылауда ұстап келеді. Ол билікті қарулы қақтығыс нәтижесінде Палестинаның ұлттық азаттық қозғалысы ретінде танымал ФАТХ-тан тартып алған болатын.
Бұған дейін ХАМАС тарапынан босатылуы жоспарланған 33 тұтқынның сегізі қайтыс болғаны туралы жазған едік.