Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Halyk және re:Kassa платформалық компаниялар үшін жаңа шешім ұсынады

re:Kassa финтех-компаниясы Halyk банкімен бірге алғашқылардың бірі болып, платформалық жұмыспен қамту саласында жұмыс істейтін компаниялардың бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған толық шешімді ұсынды.

Платформалық жұмыспен қамту — орындаушылар интернет-платформалар арқылы (жеткізу, такси, фриланс және т.б.) жұмыс істеп, жұмыс кестесі мен көлемін өздері таңдайтын модель. Бұл еңбек нарығының жаңа форматы. Ол өзін-өзі жұмыспен қамтудың икемділігін және ресми төлем механизмдерінің ашықтығын біріктіреді. Бұл адамдардың штатқа тіркелмей-ақ цифрлы сервистер арқылы табыс табуына, ал бизнеске орындаушыларды заңды түрде тартуға және салық талаптарын орындауға мүмкіндік береді. Жаңа ережелерге сәйкес, мұндай платформалар eSalyq Business жүйесінде чектерді тіркеп, орындаушылар үшін әлеуметтік төлемдерді аударуға міндетті

Сала көшбасшылары re:Kassa компаниясы мен Halyk банкі өзгеріп жатқан нарыққа дереу бейімделіп, дайын әрі үздіксіз шешімді іске қосты. Бұл - компаниялардың өз процестерін ертерек қайта құруына және жаңа жағдайларда жұмысын еш кедергісіз жалғастыруына мүмкіндік береді.

Енді платформаларға техникалық баптаулармен дербес айналысудың қажеті жоқ. re:Kassa шешімі бұл процестерді өз мойнына алып, деректердің дұрыс алмасуын және заңнама талаптарына сай барлық қажетті құжаттың автоматты түрде ресімделуін қамтамасыз етеді.

Бәрі автоматты түрде жұмыс істейді: жүйе орындаушының мәртебесін бірден анықтайды. Жеңілдіктерін тексереді, түбіртектерін шығарады, төлемдерді есептеп, құжаттарға онлайн қол қоюға көмектеседі. Барлық процесс толықтай ҚР МКК талаптарына сәйкес жүргізіледі. 

Ал салықтарды Halyk-тың Onlinebank арқылы тікелей төлеуге болады. 

Қазір белсенді түрде әзірленіп жатқан аналитикалық кабинетте платформалар орындаушылардың операциялары мен мәртебесін нақты уақыт режимінде көре алады.

Осылайша, бизнес қазірдің өзінде дайын: төлемдері, салықтарды автоматты есептейтіні және төлеу жүйесі бар. Деректерді қауіпсіз сақтайтын, қарапайым API арқылы қосылуға болатын және бірыңғай қолдау арнасы да бар инфрақұрылымды пайдалана алады.

re:Kassa мен Halyk бизнестің күнделікті қайталама жұмысқа алаңдамай, дамуға назар аударуына мүмкіндік бере отырып, әрдайым бір қадам алда жүретін компаниялар ретіндегі беделін тағы да дәлелдеді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 19 Қараша, 2025 15:30
Талқылау