Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халыққа қарсы әдейі жасап отыр": Санжар Боқаев автокөліктерді әкелу ережелеріне енгізілген өзгеріс туралы

2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстанда жеке және заңды тұлғалар үшін автокөліктерді әкелу ережелері өзгереді. 18 қарашада Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өзгерістер туралы хабарлама жариялады. Бұған қатысты қоғам белсендісі Санжар Боқаев өз ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: facebook

Ведомствоның мәліметінше, енді үш жылға толмаған автокөліктерді тек "Көлік құралының түрін бекіту" құжатында тізімі бар адамдар ғана әкеле алады. Демек бұл құжат енді жеке тұлғаларға емес, заңды тұлғаларға ғана беріледі. Сонымен қатар, импорттау құқығы "Көлік құралының түрін бекіту" құжатында көрсетілген тұлғаларға ғана сақталады.

“Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес, дайындалған күнінен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен және Көлік құралының типін мақұлдау негізінде әкелінетін көлік құралдарын КҚТМ-да көрсетілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2021 жылы 12 қарашадағы №130 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелу қағидаларының 10-тармағының б) тармақшасын қолдана отырып ресімделген тұлғалар ғана әкелуге құқығы бар”, – делінген комитет хабарламасында.

Демек жаңа ереже бойынша, Қазақстанға көлік құралдарын әкелетін заңды тұлғалар көліктің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын КҚТМ құжатына ие болуы тиіс.

Жаңашылдықтар мұнымен бітпейді. Енді қазақстандықтар (жеке тұлғалар) басқа елдерден жылына бір көліктен артық әкеле алмайды. Бұл мәлімет Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құжатында айтылған. Құжат Техникалық реттеу және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберілген. Оған 25 қыркүйекте Индустрия және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қол қойған.

"Қазақстан Қаржы министрінің 2015 жылы 31 наурыздағы № 250 бұйрығымен бекітілген жеке пайдалануға арналған тауарлар үшін, егер олардың саны 1-ден асатын болса кәсіпкерлік қызметке арналған деп есептеледі. Тиісінше, жеке тұлға көлік құралын тек жеке пайдалану үшін, ал шетелдік өндірушілердің ресми өкілдері саналмайтын заңды тұлғалар бұрын үшінші елдерде жол қозғалысына қатысқан және шығарылған күнінен бастап үш жылдан астам уақыт өткен көлік құралдарын импорттай алады”, – делінген хабарламада. 

Қоғам белсендісі, "Қайта өңдеуге жол жоқ!" қозғалысының жетекшісі Санжар Боқаевтың сөзінше, бұрын қазақстандықтар көлікті жеке пайдалануы үшін әкелетін болса, енді бұл құқықтан айырылып отыр. 

“Енді қазақстандықтар жылына бір көлік ғана әкеле алады. Тарифтер мен кедендік баждар 27%-дан 42%-ға және одан да жоғары болады. Дегенмен 150 мың көлікті бірігіп әкелетін қазақстандық автосалондар бұл төлемдердің барлығын төлемейді. Үкімет автомобильдердің импорты мен саудасына әдейі монополия енгізіп отыр. Олардың жүйесі бойынша мұнымен тек олигархтар ғана айналысуы керек. Бұл өзгерістерді үкімет қарапайым түрде “сұр импортпен күрес” деп түсіндіреді. Бірақ бұл түсініктемемен мүлде келіспеймін”, – деді Боқаев.

Санжар Боқаевтың сөзінше, көлік әкелгенде қазақстандықтар заңда қарастырылғанның бәрін төлейді. Олай болса неліктен сұр импортпен күрес, деп атайды, дейді олү 

“Автокөліктерді импорттау кезінде қосылған құн салығы 12%, кедендік баж салығы 15% төлеу керек. Қайта өңдеу салығы қозғалтқыш көлеміне байланысты төленеді. Ккөлік қауіпсіздігі сертификаты, “Ғаламдық навигациялық спутниктік жүйе” (ГЛОНАСС) сынды дүниенің бәріне жеке тұлғалар төлейді. Ал отандық өндірушінің атын жамылған олигархтар ештеңе төлемейді. Ал жеке тұлғалардың импорты сұр түсті импорт, ал автокөлік дилерлері – елімізге қажет салиқалы бизнесмендер деген пікір бар. Бірақ олар бюджетке қосылған құн салығын төлемейді. Тіпті олар "кеденге", қайта өңдеу салығы мен "бастапқы салықты" да төлемейді”, – дейді Боқаев. 

Санжар Боқаевтың сөзінше, үкімет осындай жаңашылдықты қабылдап, “сұр түсті импортқа” қарсы күрес жүргізе отырып, тек автосалондарға ғана қолайлы жағдай жасайды. Өйткені Қазақстанда көлік сатып алу шетелден әлдеқайда қымбат деп санайды.

“Мысалы, Қытайда Hyundai Elantra 4 миллион 200 мың теңге тұрады. Бұл көлікті әкелген қазақстандық баж салығын, қосылған құн салығын, кеден салығын төлеуі керек. Осының барлығы қосылып 2 миллион теңге болады. ГЛОНАСС (Ғаламдық навигациялық спутниктік жүйе ) түймесі 180 мың теңге, кәдеге жарату төлемі 646 мың теңге, уақытша сақтау қоймасы, нөмірлерді алуға да төлеу керек. Бұл көлікті Қытайдан әкелетін қазақстандық ең көбі 8 миллион теңге төлейді. Қазақстанда дәл осындай Elantra көлігі автосалонда 10 миллионтеңге тұрады. Ал егер жабдықтау бағасы жоғарырақ болса, Elantra құны 13 миллион теңгеге жетеді", – дейді Боқаев.

Оның сөзінше, бұл өзгерістер қазақстандықтарға жаңа көліктерді импорттауға мүмкіндік бермейді. 

“Шығарылғанына үш жылдан аз уақыт өткен автокөліктерді заңды тұлғалар ғана әкеле алады. Бұл нені білдіреді? Егер сіз жаңа немесе екі жылдық көлікті сатып алғыңыз келсе, оған рұқсат берілмейді. Олар сізге тек 2021 жылға дейінгі көлікті әкеле аласыз дейді. Осылайша сізге олигархтардан жаңа көлік сатып алуға тура келеді. Ал ол 60-70% үстемемен сатылады", – деді Боқаев.

Боқаевтың сөзінше, Сауда және интеграция министрлігі жеке тұлғалар үшінші елдерден әкелінген және жеке пайдалануға арналмаған көліктерге қауіпсіздік сертификатын беруге тосқауыл қоюы мүмкін деп есептейді.

"Жеке пайдалануға арналмаған" деген нені білдіреді? Егер сіз өзіңізге көлік әкелсеңіз, ол көлікпен такси қызметін де атқара алмайсыз. Жәй ғаан өзіңіз үшін жүргізесіз. Сондай-ақ құжатта көліктерді өнеркәсіптік немесе коммерциялық жүктерді ақылы немесе тегін тасымалдауға пайдалануға болмайды деп көрсетілген. Мәселен, туысқаныңыз немесе көршіңіз телефон соғып: микротолқынды пешті жеткізуге көмектесіңізші, дейді. Алайда сіз көлікті жеке пайдалану үшін әкелгендіктен, жәрдемдесе алмайсыз", – дейді Боқаев.

Боқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте инновациялар бойынша қабылданған шешім "конституцияға қайшы" деп санайды.

“Роман Скляр қазақстандықтарға коммерциялық және арнайы техника әкелуге тыйым салды. Егер көп балалы отбасы сегіз және одан да көп орындық шағын автобус әкелгісі келсе, олар мұны істей алмайды. Өйткені бұл көлік коммерциялық көлік болып саналады. Оның үстіне мұндай жабдықты олигархтар ғана әкеле алады. Ал Конституцияның 26-бабында Қазақстан азаматтарының жеке меншігінде заңды түрде алған кез келген мүлік болуы мүмкін екендігі, әркімнің кәсіпкерлік қызмет бостандығына, өз мүлкін өз мақсатына еркін пайдалануға құқығы бар екені анық жазылған. Елімізде жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады. Бірақ бұл әділетсіз бәсеке!” – деді ол.

Санжар Боқаев бұл инновациялар Қазақстанда күшіне енген кезде шетелде сатып алынған жаңа көлікті тіркеу көліктің өзінен де қымбатқа түсетінін айтты.

"Олардың жылына жеке адамға бір көліктен артық әкелуге тыйым салуы, көлікті де қол жүгі ретінде тіркеуге алып келеді. Бұл нені білдіреді? Бұрын 12% қосылған құн салығып, 15% кеден салығын, яғни жалпы 27% төлейтін болсақ, енді көлік құнының кемінде 42%-ын төлейтін боламыз. Оған қоса кәдеге жарату ақысы және басқа төлемдер де бар. Тіркеудің жалпы құны автокөліктің өзінен де жоғары болады. Ал бұл стандарт қабылданған кезде сол "бос" Elantra енді 10 миллион емес, 14 миллион тұрады”, – дейді Боқаев.

Индустрия министрлігі көліктерді әкелу тәртібін өзгерту туралы ақпаратты жариялағаннан кейін екі күннен кейін Қаржы министрлігі бұл жаңалықтар қосымша талдау мен егжей-тегжейлі пысықтауды қажет ететінін айтты. Басқарма басшысы Мәди Тәкиевтің айтуынша, бұл мәселеде "көптеген тәуекелдер" бар.

 

Талқылау