Хакерлер Apple, Google және Telegram аккаунттарындағы 16 миллиард құпия сөзді желіге жариялап жіберген
Фото: freepik.com
Зерттеушілер әлеуметтік желі, VPN қызметтері, корпоративтік платформалар және әзірлеушілер порталдарын пайдаланушылардың 16 миллиард логині мен құпия сөздері интернетке тарап кеткенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Cybernews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалымдар әлеуметтік желілерді, VPN қызметтерін, корпоративтік платформаларды және әзірлеушілер порталдарын пайдаланушылардың 16 миллиард логиндері мен құпия сөздері интернетке тарап кеткенін анықтады, деп хабарлайды
Барлығы 30 деректер жиынтығы көпшілікке тарап кеткені анықталған, олардың әрқайсысында ондаған миллионнан 3,5 миллиардтан астам жазба бар. Тарап кеткен деректердің көбінің құрылымы нақты болған: URL, кіру деректері және құпия сөз.
Зерттеушілердің ескертуінше, тарап кеткен ақпарат, "сіз елестете алатын кез келген онлайн- сервиске – Apple, Facebook және Google-дан бастап GitHub, Telegram және түрлі мемлекеттік қызметтерге" қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұншалықты көп дерек бұрын-соңды тарамаған.
"Бұл жай ғана деректердің жарияланып кетуі емес – бұл жаппай пайдалану жоспары. Жүйеге 16 миллиардтан астам кіру жазбасы әшкере болғанын ескерсек, киберқылмыскерлер мол дерекке қол жеткізген, оны аккаунттарды басып алу, жеке ақпаратты ұрлау және мақсатты фишинг жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін", – делінген хабарламада.
Зерттеушілер мұндай деректер "көп факторлы аутентификация немесе есептік жазба гигиенасына қатысты тәжірибесі жоқ ұйымдар үшін ерекше қауіпті" екенін атап көрсетеді.
"Кіру деректері кеңінен қолданылатын сервистер үшін өте құнды болуы ауыр салдарға әкеп соқтырады. Сондықтан тұтынушылар үшін құпия сөзді басқару шешімдеріне және сұр желіне бақылау құралдарына инвестиция салу бұрынғыдан да маңызды бола түсті", – деп мәлімдеді Keeper Security бас директоры Даррен Гуччионе Forbes журналына.
Бұл пайдаланушыларға құпия сөзі желіге жарияланып кеткенін ескертеді және оларға қандай да бір шара қабылдауға және кіру деректерін жаңартуға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 16 миллионнан астам азаматтың жеке дерегі желіге тарап кеткенінжазған едік. Тарап кеткен деректердің ішінде азаматтардың аты-жөні, туған күні, ЖСН, телефон нөмірлері мен мекенжайлары бар. Бұл факт бойынша ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғады.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
