Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні жайлы фильмді көргенде ағыл-тегіл жылағанын айтты

Қайрат Нұртастың анасы өзі түсірген фильмді көрген кезде қандай әсерде болғанын айтып берді. Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың атынан желіде ашылған парақшалардың жалған екенін растап, алданып қалмауды ескертті. Ол Жұлдыздың өзі фильмнен кейін халықпен жақын тілдесу үшін желіге тіркелетінін айтып, уәде берді.

Бұл туралы Қайраттың анасы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

«Дыбыстарын реттеп, бәрін қойып, көріп қайттық. Бірақ киноның бастан-аяғына дейін жылап отырдым. Сондықтан таныстарыма айтып жатырмын: «Киноны көруге келсеңдер, қолдарыңа орамал ұстап келіңдер», – деп. Киноны бірге түсірген ұжымның қыздары да: «Өзіміз түсірсек те, киноны қарап отырып жыладық», – деді. Соған қарағанда өте жүрекке бататын, мәні бар кино болған сияқты. Қазіргі қыздардың өміріне байланысты… Оны киноның тұсаукесерінде айтамын. 9 қазанда киноның тұсаукесерін «Есентай Моллда» жасайтын шығармыз деп отырмыз», – дейді Айдарбекова ағынан жарылып.

Қайраттың анасы халықтың сынына дайын екенін жеткізді.

«Ол жерде де үлкен сын болады деген ойдамын. Өйткені 10 жылдан бері түсіремін деген киносы неге мынадай деген сияқты біраз дау болатыны анық. Енді барынша тырысамыз, өмірден көп шындықты алдық. Қалғанын сол кезде ашық айтамыз. Қызыл кілемде, тұсаукесерімізге келсеңіздер», – деді халықты киноға шақырған Айдарбекова.

Бұдан кейін Гүлзира Үсенқызы келіні Жұлдыздың тұсаукесерге дайындығын сөз етті.

«Шынын айтсам, әлі Жұлдызбен сөйлескен жоқпын, оған уақыт та болып жатқан жоқ. Өйткені мен көбіне Алматыдамын, кеше Шымқалада болып келдім. Кино жайлы әңгіме болған жоқ арамызда. Сол күні көреміз, Алла қаласа.

Бір ерекшілігі, біз жарнамалаған күннен бастап Жұлдыздың атынан болмағанда 30 парақша ашылды ғой деймін. Барлығының ойы адам көп жинап, сатады екен ғой. Сол оймен өтірік парақшалар ашып алған. Бәрі де өтірік жалған, сеніп қалмаңыздар. Алла қаласа, кинодан кейін халықпен жақын тілдесу үшін Жұлдыздың өзі шығып қалатын шығар деген ойдамын. Өзінің ойындағы біраз жұмыстарды атқардық деп ойлаймын», – деп түйіндеді сөзін продюсер.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда Димаштың домбырасы 1,8 миллион теңгеге сатылды

Ақсүйек және модель: Продюсері Төреғалидің жары Толқынды сипаттап берді

Қайрат Нұртастың жарын құшақтап билеген видеосы желіні шулатты (видео)

Қайрат Нұртас әріптесінің туған күніне жары Жұлдызбен бірге келді (фото, видео)

Талқылау