Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова елді алдады деп сын айтқан желі қолданушысына жауап берді

Гүлзира Айдарбекова өзіне сын айтқан желі қолданушысына жауап берді. Әр пікірді жіті бақылап отыратын продюсер өзіне айтылған пікірлермен келісе бермейді. 

Бүгін Қайрат Нұртастың үлкен қызы Алаудың туған күні. Үлкен немереін жеке меншік қызы етіп тәрбиелеген Гүлзира Айдарбекова немересін туған күнімен құттықтады. Желіде бұрынғы естелік суреттерін жариялады. 

“Бүгін менің жеке қызым Алауым, қолымдағы жаулауымның туған күні. Алла амандық беріп, өмірі ғұмырлы да мәнді болсын!🤲🏼 Алла бақ берсін! Апасының дара қызы!”, – деп жазды әжесі.

Продюсер Қайрат пен қызының бұрын түскен видео-фотоларын жүктеді. Алайда желі қолданушысының бірі мұны көзбояушылық деп атады. 

“Неге елді алдап отырсыз? Бұл бұрынғы суреттер емес пе?”, – деп жазды ол. 

“Мен сізге бұл бүгінгі сурет деген жоқпын. Ескі суреттерді жариялауға болмайды деген заң жоқ шығар. Өз немерем. Туған күнімен құттықтауға хақым бар шығар”, – деді продюсер. 

Бұған дейін әншінің анасы Жұлдыз Әбдікәрімованы тойға шақырмады деп сын айқандарға да жауап берген еді. 

Айдарбекова бір күні бұрын екінші немересі Нарұлдың туған күнімен құттықтаған еді.

“Жүрегімнің қағысы нар баламыз Нарұлымның бүгін туған күні. Ұлдың нары болсыншы деп өзім есімін Нарұл деп қойғанмын. Алла өмір беріп, халықтың нар ұлы болуын Алла жазсын! Туған күнің құтты болсын құлынымның құлыншағы. Видеодағы әнді атасының ұлдан тұңғыш немересі болған соң Нар балама деп арнайы өзі жазған әні”, – деді ол.

“Мен Жұлдызбен ұрысып көргенім жоқ. Келсе есігім ашық, келмесе жас емес, өз шешімдері. Балаларды көрсеткісі келмесе, олар менің қаным, Есі кірген кездерінде өз қанын таппай қоймайды. Бәрі де уақытша, тіптен өмір де уақытша”, – деп түсіндірді Қайрат Нұртастың анасы.


Талқылау