Гүлмира Сатыбалдының қорғаушылары сот отырысын журналистерсіз жабық өткізуді сұрады
Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша сот ашық түрде өтеді. Басты сот отырысының күні 30 мамырға белгіленіп, отырыс сағат 10:00-де басталады. Ол Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Сотталушы Астананың тергеу изоляторынан жеткізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото КТК телеарнасынан алынған
Сонымен қатар айыпталушының адвокаттары істің толыққанды зерттелмегенін, Сатыбалдының айыбы дәлелденбегенін айтып, істі тоқтатуды сұрады. Процестегі екінші күдікті Мәди Батыршаевтың адвокаттары да осындай өтініш түсірді. Бұған қоса, Батыршаевтың анасын қоғамдық қорғаушы ретінде тіркеуді сұрады.
Прокурор және жәбірленуші тарап Батыршаевтың анасын қоғамдық қорғаушы ретінде тіркеуге қарсылық білдірмеді. Ал өзге өтініштерді қабылдамауды, сотты ашық әрі офлайн режимде, журналистердің қатысуымен өткізуді сұрады. Сот тараптардың өтініштерін қабылдап, кеңесу бөлмесіне кетті. 16 мамырда осы өтініштерге байланыс шешімдерді жариялап, негізгі сот процесін өту талқыланатын айтты.
Адвокат сотты жабық жағдайда өткізу туралы өтінішті оқыды. Себебі бұл іс елде кең ауқымды қоғамдық резонанс тудырып, тақырып БАҚ-та талқыланып жатыр. Бұған қоса, ол сот процесін жабық режимде өткізіп, іске журналистерді қатыстырмауды, процесс біткенге дейін Сатыбалдының бейнежазбасын, фотосын таратуға тыйым салуды сұрады.
“Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келген жағдайда ғана жол беріледі. Сондықтан кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша, жыныстық қатынасқа қатысты істер бойынша жабық сот талқылауы соттың дәлелді шешімімен ғана өткізіледі. Іске қатысушы адамдардың өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтерді жария етуге жол бермеу мақсатында, сонымен қатар бұл жәбірленушінің, куәгердің, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының қауіпсіздігі мүдделері талап еткен жағдайларда ғана жабық отырысы болады. Қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша осы бапта көрсетілген мән-жайлар жоқ. Сондықтан сот отырысын жабық және онлайн режимінде өткізу туралы өтінішті қанағаттандырусыз қалдыру қажет”, – деді судья Мартпек Кәкімжанов.
Еске салайық, бұған дейін Алматының қылмыстық істер жөніндегі сотында Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатқаны туралы жаздық. Отырыс кезінде Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартты.