Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардағы қатысу үлестерін заңсыз иемдену, оның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан факт бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі.

Гүлмира Сатыбалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қорытындысы бойынша келтірілген залал сомасы 6,6 миллиард теңгеден асты.

15 желтоқсанда қылмыстық іс  прокуратураға жіберілді.

"Гүлмира Сатыбалды және оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығы мен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді”, – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз хатшысы.

Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, іс танысу үшін күдіктілер мен олардың қорғаушыларына берілді.

Гүлмира Сатыбалдының бизнесті басып алу және адам ұрлауы бойынша тергеу жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 18 наурызда Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды және басқа тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кейін сот Гүлмира Сатыбалдыны екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Бастапқыда ол 747 миллион теңге ұрлады деп күдіктелген.

Кейінірек бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иемдену, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Талқылау