"GTA ойынындағыдай": Қостанайда полицияның мас жүргізушіні қуған видеоға түсіп қалды

Видеодан скриншот
Қостанайда TANK 300 мінген 57 жастағы ер адам мас күйінде жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 26 шілдеге қараған түні болған.
"Ер адам бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатып, бөренеге соғылып, ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, көлік GTA ойынындағыдай жол бойымен заңды бұзып, келе жатқан", – дейді тәртіп сақшылары.
Полицейлердің құқықбұзушыны қуалаған видеосы тарады.
Ер адам ұсталып, оған бірнеше бап бойынша айып тағылды. Көлік арнайы тұраққа, ал оның иесі сауықтыру орталығына жіберілді. Іс материалдары сотқа жіберілді.
Еске салсақ, Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, ірі жол апаты болған еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"