Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузияның бұрынғы президенті Саакашвили үш жылдан астам уақыт ауруханада жатқаннан кейін түрмеге кері қайтарылды

Саакашвили түрмеге оралды

Фото: Саакашвилидің Facebook парақшасынан 

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили үш жарым жыл емделген "Вивамед" клиникасынан қайтадан Рустави түрмесіне қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Georgia Online порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елдің қылмыстық-атқару қызметі Саакашвилидің денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда екенін және енді ауруханада емделуді қажет етпейтінін айтты.

Экс-президент 2022 жылдың 12 мамырында Vivamed клиникасына ауыстырылған болатын. Сол уақыт бойы оған медициналық көмек көрсетілді.

Қызметтің мәлімдеуінше, Грузия заңдарына сәйкес, азаматтық ауруханадан түрмеге қайтару шешімін емдеуші дәрігер науқастың жағдайына қарап қабылдайды. Михаил Саакашвилидің жағдайы жақсарғандықтан, ол ауруханадан шығарылып, №12 түзеу мекемесіне қайтарылды.



"Вивамед" клиникасының клиникалық директоры Зураб Чхаидзенің айтуынша, Саакашвилиді шығаруға шешімді оның емдеуші дәрігері қабылдаған. Ал экс-президент бұл хабарды сабырмен қабылдаған.

Еске салсақ, Грузияның бұрынғы президент Михаил Саакашвилиді мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен тоғыз жылға сотталған еді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 13 Қараша, 2025 09:27
Талқылау