Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Емхана суррогат аналарға уәде етілген 12 миллионнан астам ақшаны бермей қойған

Грузиядағы емхана қазақстандық суррогат аналарға уәде етілген 12 миллионнан астам ақшаны бермей қойған

Фото: Ru.freepik.com

Грузиядағы Kinderly Georgia емханасы ондағын суррогат аналарға уәде етілген өтемақыларын бермей, әйелдерді әуреге салды. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newsgeorgia.ge басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Грузияның ішкі істер министрлігінің дерегінше, суррогат аналарға тиесілі ақшасын бермей қоған грузиялық емхананың иелерінің бірі Армен Меликян қазір қамауда. Ал оның серіктесі Украина азаматы Руслан Тимошенкоға сырттай айып тағылды. 

Тергеу кезінде белігілі болғандай, компания әуелі делдал ретінде сурргат аналармен келісімге отырған. Ал клиенттерден түскен ақшаны, оның ішінде Қытай да бар өздері қалтасына басып отырған.

Келісімде көрсетілген 12 миллионнан астам ақшадан айырылған әйелдер шарасыз қалды. Зардап шеккен әйелдер тіпті баспанаға, азық-түлік пен коммуналдық қызметке ақша беруді қойды деп шағымданды. Енді бірі медициналық қызметтің сапасыздығын айтып, гаразылық білдірді.

БАҚ-тың мәліметінше, Kinderly Georgia емханасының иелерінен зардап шеккен әйелдердің саны 150-жуық болған. Жәбірленушілердің арасында Грузия, Қазақстан, Қырғызсатн, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина және Ресей азаматтары бар. Тергеу қылмыстық кодекстің  “Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу” бабы бойынша жалғасып жатыр.

Айым Болатқызы
Жұма, 03 Қазан, 2025 15:42
Талқылау