Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грек-рим күресінен Қазақстан кубогінің алғашқы жарыс күнінде топ жарғандар анықталды

Таразда күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының кубогі басталып, балуандар өзара мықтыны анықтап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан кубогінің алғашқы жарыс күнінде сынға түсіп, жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшылар белгілі болды. Он салмақтың бесеуінде медальдар сарапқа салынып, үздіктер анықталды. Назарларыңызға жарыстың алғашқы күні үздік шыққан спортшылардың тізімін ұсынамыз:

55 келі:

1. Ербол Қамалиев (Алм обл)

2. Ерасыл Мамырбеков (ШҚО)

3. Ерсін Абыйр (Жетісу)

 3. Алпамыс Дастанбек (Қызылорда)

63 келі: 

1. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе)
2. Дастан Зарлыханов (Ақмола обл)
3. Асаухат Мухамедиев (Астана)
3. Нұрзат Марат (Түрк. Обл)

72 келі:

1. Әділхан Сатаев (Шымкент) 
2. Сырым Сарсен (Алм обл)
3. Маулітқанов Мадияр (Астана)
3. Каленов Данияр (СКО)

82 келі: 

1. Омар Сатаев (Шымкент) 
2. Диас Қалтай (Жетісу обл)
3. Мирас Баршылықов (Қостанай)
3. Олжас Ерғали (Қарағанды)

97 келі: 

1. Ильяс Гучигов (Шымкент) 
2. Амиров А. (Алм обл)
3. Бектұрсынов Ерғали (Алматы қ)
3. Бержанов Рахат (Ақтөбе)

Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан кубогі 11-14 қараша аралығында өтеді. 

Талқылау