Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грек-рим күресінен әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын балуандар анықталды

23 жасқа дейінгілер арасында Албанияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын грек-рим күресінен спортшылары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Албания астанасы Тиранада өтетін 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын грек-рим күресінің шеберлері анықталды. 21-27 қазан аралағында өтетін байрақты бәсекеде өнер көрсететін Қазақстан құрамасының құрамын назарларыңызға ұсынамыз:

Грек-рим күресінен команда тізімі:

Ербол Камалиев (55 кг)

Досжан Өтепқалиев (60 кг)

Нұрсұлтан Базарбаев (63 кг)

Дінмұхаммед Қошқар (67 кг)

Мерей Мәулітханов (72 кг)

Темірлан Қаратай (77 кг)

Альмир Төлебаев (82 кг)

Бағлан Қуаныш (87 кг)

Ерзат Ерланов (97 кг)

Асылбек Әбдіхалық (130 кг). Ұлттық құраманың аға бапкері - Жаңабай Оспанов.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер күресі мен еркін күрестен бақ сынайтын Қазақстан құрамасының құрамын жазған едік. 

Талқылау