Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің Қазақстандағы жекпе-жегі 40 мың орындық футбол алаңында өтуі мүмкін

2018 жылы 5 мамырда өтетін реванштан кейін GGG командасы Қазақстанда жекпе-жек өткізу мәселесіне қайта оралуы мүмкін.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

2017 жылдың жазында Головкин Астанада орташа салмақта WBO әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған болатын. Бірақ боксшының уақыты тығыз болғандықтан, бұл шара ұйымдастырылмай қалды.

«Өткен жылы Қазақстандағы ЭКСПО көрмесінің шеңберінде GGG жекпе-жегін өткізуге болар еді. Бірақ Головкин наурыз айында Дэнни Джейкобспен, қыркүйекте Канеломен айқасқа шығатындықтан, дайындық кестесі тығыз  болды. Оның үстіне уақыт жетіспеген соң, бұл шара ұйымдастырылмай қалды. Ол кезде де Билли Джо Сондерспен кездесуді жоспарладық. Олар жекпе-жекке шықса керемет шайқас  болатын еді»-дейді Головкиннің промоутері Том Леффлер.

Соңғы уақытта Головкиннің қарсыласы Канелоға байланысты біраз даулы мәселелер туындаған болатын. Альварес сынақтардан өтсе, бүкіл әлем тағатсыздана күтіп отырған айқас болады.

«Синко де Майода барлығы жақсы болады деп үміттенемін. Канело барлық сынақтардан өтсе арнайы тексеру жүрзіліп, бәріміз күткен айқас болады. Осы кездесуден кейін болашаққа жоспарласақ болады. Геннадийді жекпе-жек үшін Қазақстанға әкелсек тамаша болар еді. Кездесуді 40 мың орындық футбол алаңында өткізуге болады. Олар бұған қатты қызығушылық танытып отыр. Оның үстіне “StubHub Center”-ге қарағанда, бұл стадионның шатыры бар» – деп күлді Леффлер.

Жіберіп алмаңыз:

Головкиннің бапкері: Канело бұл жолы да қашып жүретін болса, нокаутқа түседі

Самат Смақов: «Ақтөбе» клубы банкротқа ұшырауы мүмкін

Британдық боксшы Робин Дикин Головкинді «қатынға» теңеді

Павлодарда өтіп жатқан VII қысқы Универсиадада қостанайлық спортшылар жеңіске жетті

Талқылау