Головкиннің ең мықты бес қарсыласы анықталды
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ең мықты бес қарсыласын атады.
Бұл туралы бокс кеңесінің твиттердегі парақшасынан белгілі болды.
Сонымен, ешкімнен жеңіліп көрмеген Головкиннің ең лайықты қарсыластары – Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО), Келл Брук (36-2, 25 КО), Давид Лемье (38-3, 33 КО), Мартин Мюррей (35-4-1, 16 КО) мен Марко Антонио Рубио (59-8-1, 51 КО).
Айта кетейік, Головкиннің ендігі қарсыласы Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО). Жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.
Жіберіп алмаңыз:
Илья Ильин өзін ислам дінін қабылдады дегендерге жауап берді
Германия екінші құрамымен Конфедерация кубогін жеңіп алды
Дмитрий Баландин Болгария чемпионатында екінші алтынға қол жеткізді
7 тіл меңгерген қазақ қызы Италиядағы әйгілі университетте сабақ беріп жүр
Талқылау