Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің 5-мамырда Лас-Вегаста өтілуі тиіс жекпе-жегі ресми түрде күшін жойды

Boxingtalk.com-ның хабарлауынша, Невада атлетикалық комиссиясы (NSAC) Лас-Вегастың  MGM Grand аренасында ағымдағы жылдың 5 мамырына жоспарланған Геннадий Головкинмен арадағы жекпе-жек болмайды деген мәлімдеме жасады.

Геннадий Головкин

Егер боксшы осы күні рингке шығатын болса, оның жекпе-жесі Лос-Анджелестің маңындағы Карсон қаласының StubHub Center алаңында өтеді. Бұл туралы sports.kz-ке сілтеп,  Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін BoxRec.com беделді сайты, GGG-нің күресі Карсонда өтеді деп көрсеткен болатын. Головкиннің айқасы бұл күнге әлі белгіленген жоқ. Ықтимал үміткерлер арасында ирландиялық Гэри О’Саллливан және украиндық Сергей Деревянченко бар. Ал американдық Ванес Мартиросянның кандидатурасын жетекші бокс ұйымдары қабылдамады.

Оқи отырыңыз:

Танымал нумеролог Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар екенін мәлімдеді

«Ертіс» футбол клубына алғаш рет әйел адам басшы болды

Дмитрий Баландин Испаниядағы турнирде екінші алтынды жеңіп алды

Головкин сол қолмен жұдырықтасатын қарсыластан жүрексінеді дегендерге жауап берді

Талқылау