Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді
Әлемге танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин SecondsOut басылымына сұхбат беріп, бокс әлемінде көңілін қалдырған жайттар туралы әңгімелеп берді.
«Өткен жылы аздап боксқа деген қызығушылығым төмендеп кетті… Түсінесіздер ме, бітпейтін әңгімелер, менің атымнан алып қашпа сөздер мен түрлі әңгімелер тарады – «мен мынаны қалаймын», «мен дайынмын»… Ешкім де ештеңені қаламайды, ешкім дайын емес. Бірақ кеше мен Дэннидің (шамамен Джейкобс) дайын екенін, расымен де дайын екенін көрдім», – дейді Головкин.
Еске сала кетейік, 2016 жылы Геннадий Головкин рингке тек екі рет шықты. Оның бірі сәуір айында Доминик Уэйдпен өткен жекпе-жек болса, екіншісі қыркүйек айында Келл Брукпен беттесуі. Жанкүйерлер Геннадийді желтоқсан айында тағы да бір рет рингтен көруі тиіс еді. Алайда Криса Юбэнк-кішімен өткен келіссөздер өз шешімін таппады. Ал Дэниэл Джейкобстің промоутерлерімен қаржы мәселесі бойынша келісімге келе алмады. Сол себепті бұл жекпе-жек наурыз айына қалдырылған еді. Одан бөлек, Головкин The Breakfast Club хабарында Power радиостанциясына берген сұхбатында Андре Уордпен жекпе-жекке шығуы мүмкін екенін жеткізді.
«Кездесу өтеді деп үміттемін. Бірақ бұл бокс. Ол 175 фунтқа ауырлады, ал мен 160 фунтта қалдым. Десек те болашақта кездесу өткізетін мүмкіндік туса мен одан қашпас едім. Бұл кездесуді бәрі күтіп жүр. Ол 168 фунт болып тұрған кезде біз бір-екі мәрте тілдестік. Алайда, айтарлықтай салмақты әңгіме өрбіген жоқ. Дегенмен бұл кездесу болашақта болуы әбден мүмкін. Мен кіммен болса жекпе-жекке шығуға дайынмын», – деп келтіреді Головкиннің сөзін Sports.kz.
Бұдан бөлек, боксшыға жекпе-жек алдында секспен айналысуға қалай қарайтыны туралы сұрақ қойылды. Оған Головкин:
“Бұл проблема емес. Секс — ол секс, ішу — дегеніңіз ішу, таңғы ас — ол таңғы ас. Ал жекпе-жекке бір апта қалған уақытта сен секс туралы емес, бокс туралы көп ойлайсың. Бұл мүлдем басқа жағдай”, – деп түсіндірді Головкин.
Жіберіп алмаңыз:
Қуат “Найман” Хамитов павлодарлықтардан алған 100 мың теңге сыйлығын қайырымдылыққа жұмсады
Қанат Ислам 2017 жылы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуі мүмкін
Паралимпиада чемпионы атанған Зульфия Габидуллинаға үй салып берді
Қуат “Найман”: Кімде-кім тіркеуге тұру туралы сұрақпен келетін болса, оны жерлеп тастаймын