Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин өзі шешеді": Жанқош Тұраров Данияр Елеусіновпен арада болып жатқан түсініспеушілік туралы

Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Геннадий Головкин мен Данияр Елеусінов арасындағы дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

«Геннадий Головкин аса маңызды шешім шығарды. Андеркардқа кімді шығарады, кімді шығармайды, оны өзі шешеді деп ойлаймын. Тек өзі шешім қабылдайды. Осыған қатысты басқа ештеңе айта алмаймын», - деді Тұраров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол МТК Global компаниясымен серіктестікті бастағанын айтты. 

«2017 жылы қолымды жарақаттап алдым. Содан кейін ұзақ уақыт бойы рингке шықпадым. Қолым жазылғанша промоутерімді ауыстыру туралы ой келді. Үлкен жекпе-жек өткізетін мүмкіндігім болды. Әлемдік аты бар МТК Global компанияның президенті Даниэлмен кездестім. Енді бірге жұмыс істей бастадық», - деді кәсіпқой боксшы.

Осыған дейін кәсіпқой боксқа өткен олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Геннадий Головкин - Стив Роллс жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтаспайтыны белгілі болды. Елеусіновтің командасы мұндай шешімді Головкиннің өзі қабылдағанын мәлімдеді. Ал Жанқош Тұраров баспасөз мәслихатында рингке 1 маусымда оралатынын айтты. Содан кейін ол Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық спортшының қарсыласы әзірге белгісіз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр