Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин өз атындағы спорт кешенін ашу үшін Майқұдыққа келетін болды

Белгілі қазақстандық боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин туған жеріне келіп, спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысады.

2219312

© AP Photo / John Loche

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Керемет жаңалық! Геннадий Геннадьевич Қарағандыда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысады. 7 маусымда Майқұдықта спорттық кешен ашылады. Бұш кешенге облыс әкімдігі әйгілі жерлесіміздің есімін беріп отыр. Жаңа үш қабатты ғимаратта 25 метрлік бассейн, ауыр атлетика залы, әмбебап спорттық ойын залы және, әрине, мамандандырылған бокс залы бар”, – дейді боксшы командасының өкілі Жанар Өтешова.

Безымянный

Оның айтуынша, жаңа спорт кешеніндегі жаттығулар балалар үшін тегін болмақ.

“Ашылу рәсімі ғимараттың алдында өтеді. Балалар мейрамы қарастырылып отырғанын атап өтейін. Қонақтар үшін концерттік және ойын-сауық бағдарламасы жоспарланған”, — дейді ол.

Еске салсақ, Головкин өзінің келесі кездесуін Сауль Альвареске қарсы 16 қыркүйек күні өткізеді. Осыған дейін аталмыш жекпе-жектің қайда өтетінін жариялаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз:

«Реал» екінші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Толық жігіт Роналдудың суреттеріне пародия жасады (фото)

Елдос Сметов пен Зульфия Ғабидуллинаға пәтер кілті табысталды (фото)

Қазақстан FIFA рейтингінің алғашқы жүздігіне оралды

Талқылау