Головкин мен Әлімханұлы әлемнің ТОП-50 боксшысының қатарына енді
Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound), әлемнің ең үздік 50 боксшысының тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтинг көшбасшысы украиналық боксшы Александр Усик болды.
Екінші орында жапондық Наоя Иноуэ.
Үшіншісі сатыда – мексикалық Сауль Альварес.
Сондай-ақ үздік ондыққа Эррол Спенс, Дмитрий Бивол, Теренс Кроуфорд, Девин Хэни, Джермелл Чарло, Хуан Франсиско Эстрада және Шакур Стивенсон кірді.
Қазақстандық боксшыларға келсек, World Boxing News рейтингінде Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-ші орынға табан тіреді.
Головкин орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы болса, Әлімханұлы осы дивизионда WBO белдігінің иегері.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

