Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин «Канеломен» айқасынан кейін P4P-рейтингінде түсіп қалды

Бокс туралы жазатын америкалық журналистердің қауымдастығы (BWAA) P4P-рейтингінің (салмақ санатына байланыссыз) жаңа нұсқасын жариялады.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен жекпе-жекте тең аяқтаған екінші орыннан үшіншіге түсіп қалды. Ал Альварес болса төртіншіден бесінші позицияға көтерілді.

BWAA-дің P4P-рейтингінің ТОП-ондығы:

  1. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) – 168 ұпай
    2. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО) – 152
    3. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) – 148
    4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) – 110
    5. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО) – 88
    6. Майки Гарсия (37-0, 30 КО) 84
    7. Кит Турман (28-0, 22 КО) – 52
    8. Эррол Спенс (22-0, 19 КО) – 46
    9. Наоя Иноуэ (14-0, 12 КО) – 40
    10. Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО) – 27.

Еске сала кетейік, Головкин – «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтті. Төрешілер жекпе-жекті тең деп аяқтап, Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super) IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғап қалды.

Тағы да оқыңыз:

Головкин: Менің жекпе-жегімді президент тамашалағанын естігенде жүрегім тулады

Головкин әуесқой бокста өзін жеңіп кеткен боксшыға 25 мың евро беріп көмектесті

Майк Тайсон: Мен Головкиннің жанкүйерімін

Талқылау