Головкин чемпиондық белбеуінен айырылып қалуы мүмкін
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF чемпиондық белбеуінен айырылып қалуы мүмкін. Головкин мен оның командасы 5 мамыр күні өтетін жекпе-жекке қарсылас іздейміз деп қиын жағдайға түскен.
Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың өкілдері IBF-ке өтініш түсіріп, титулды сақтап қалу жекпе-жегін өткізуді сұраған. Өтініш бойынша, Головкин украиналық боксшымен жұдырықтасуы тиіс.
Головкин соңғы рет бұл титулды 2016 жылы Доминик Уэйдпен болған жекпе-жекте қорғап қалған еді.
Дегенмен, Головкиннің қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян немесе бразилиялық Ямагучи Фалькао болуы да мүмкін.
IBF Деревянченконың сұранысын қанағаттандырып, Головкин қарсылас ретінде басқа боксшыны таңдаған жағдайда, ұйым оны барлық нұсқалар бойынша чемпион атағынан айыруы мүмкін.
Сондай-ақ, белбеуін жоғалтқысы келмесе, Головкин Деревянченкомен кездесу үшін 5 мамырдағы кездесуін басқа күнге ауыстыруға мәжбүр болуы ғажап емес.
IBF әзірге шешім қабылдаған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Қуан, қазақ: Баландин Испания біріншілігінде үшінші алтынға қол жеткізді
Головкиннің 5-мамырда Лас-Вегаста өтілуі тиіс жекпе-жегі ресми түрде күшін жойды
Танымал нумеролог Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар екенін мәлімдеді