«Голос. Дети» шоуына қатысқан он жасар Данелияның анасы: Қызымның аты Дәнел болуы тиіс еді
Украиналық «Голос. Дети» шоуының әділқазылар алқасын таңқалдырған Данэлия Тулешованың анасы қызының ерекше есімі мен оның армандары туралы айтып берді.
«Голос. Дети» шоуына қатысқан он жасар Данелияның есімі қазір ел аузында. Оны анасы кішкентайынан жан-жақты дамытуға тырысқан. Данелия кәсіби тұрғыдан ән айтуды жақында ғана бастаған.қазір ел аузында. Оны анасы кішкентайынан жан-жақты дамытуға тырысқан. Данелия кәсіби тұрғыдан ән айтуды жақында ғана бастаған, деп жазады BNews.kz.
«Данэлияны кішкентай кезінен бастап дамыту орталықтарына апардық. Алайда үш пен алты жас аралығында алған дене жарақатына байланысты белсенді қозғалыстар жасай алмады. Дегенмен, уақыт өте бимен айналысып жақсы жетістіктер көрсетті», – дейді анасы Елена Төлешова.
“Мен әлі күнге дейін іріктеуден өткеніме сене алмай жүрмін. Сахнаға шыққанымда маған жарық түсіріп қойды. Осы кезде қатты қорықтым. Бірақ бұлшықетімді қатты қысып, сосын босаттым. Осыдан соң қорқынышым сейілді. Әділқазылардың бәрі маған бұрылғанда есімнен танып құлай жаздадым. Бірақ олардың пікірін тыңдадым. Олардың көңілінен шыққаным үшін өте қуанышты күйде болдым. Қазір MONATIK командасындамын. Көрермендер мен әділқазыларға жеңімпазды анықтау қиын болатын шығар. Балалардың бәрі таланатты. Ендігі өнерім бұдан да жақсы шығады деп ойлаймын”, – дейді әнші қыз Данелия.
8 жасында Данелия «Аялаған Астана» байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Осыдан кейін вокалмен жеке мұғалім жалдап айналыса бастаған.
Фото: Персона
Көп адам Данэлияның ұлты жөнінде қызыға сұрайды. Туу туралы куәліктегі қате салдарынан осындай ерекше есім пайда болған.
«Данэлияның ұлты ата-анасынікіндей – қазақ. Басында оның аты Дәнел болуы тиіс еді, алайда куәлікті беретін кезде Дәнел орнына Данелия деп жазылып кеткен», – дейді анасы.
Данэлияның інісі мен сіңлісі бар. Анасы ән айтқанды жақсы көреді. Оның әкесі Александр Төлешовтің музыкалық білімі бар. Қазіргі уақытта әкесі қызының шығармашылығымен белсене айналысып жүр. Ата-анасының ойынша Данэлияға ән салу қасиеті екі әжесінен берілген.
Данэлия осы жастағы барлық бала сияқты сахна жұлдызы болуды армандайды. Сондай-ақ, ол видео түсіріп, монтаждауды да ұнатады екен. Бәлкім, болашақта оның есімін бейнебаяндар титрынан көріп қалуымыз да мүмкін.
«Қазір біз дайындық үстіндеміз. Сайыстың екінші кезеңі «батл» деп аталады. Данэлияның барлық досы үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Тек достар ғана емес, бүкіл қазақстандықтар да жанкүйер болып, сәттілік тілеп отыр»,- деді Елена Төлешова.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов Данэлияның қабілетіне риза болып, оның Instagram парақшасында мақтап пікір жазған болатын.
Артынша Данэлия Димашқа барлық үмітті ақтауға тырысатынын айтып, алғыс білдірді.
Тағы да оқыңыз:
Қытайдың ең бай бизнесмені Димашқа сыйлық берді
Қайрат Түнтеков ауыр дерттен көз жұмған қарындасына ән арнап, елді жылатты (видео)
Мейрамбек Бесбаев 30 жылдық концертінен кейін дүркіретіп той жасады (фото, видео)