Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гив өткізу – заңсыз: Депутат елде блогерлерге қатысты жаңа ереже енгізуді ұсынды

Депутат Ерлан Сайыров елде блогерлерге қатысты жаңа ереже енгізіп, ұтыс ойындарын ұйымдастыруды реттеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

блогер сток

Фото: pexels.com

Сайыровтың айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желіде онлайн лотерея ұйымдастыратындар тарапынан заң бұзу деректері жиілеген. Олар билет пен квитанция сатып, туристік жолдама, техника мен зергерлік бұйымдар, қымбат жылжымайтын мүлік пен көлік сатамыз деп лотерея ұйымдастырады дейді. 

“Мұны қазір гив деп атайды, яғни күдікті акция өткізу – заңсыз. Соңғы жылдың өзінде заңсыз ұтыс пен лотерея ұйымдастырудың 106 дерегі тіркелді. Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 46 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл таяқтың екінші ұшы. Қазақстанда қоғамдық пікір көшбасшыларының жаңа тобы пайда болды. Оларды инфлюенсер, коуч деп атайды. Желідегі парақшалары ақылы курстар, тауар, дүкен мен дәмхана жарнамасы бар видеоларға толы. Кейбірі әлеуметтік желіде асып-тасып жатқан өмірін көрсетіп, қымбат вилла, суперкарлардың суретін салады. Осылайша қоғамда еңбек етпей-ақ, жеңіл ақша табуға болады деген пікірді сіңіріп жатыр”, – деді ол.

Дегенмен қаржы министрлігінде блогерлер төлеген салыққа қатысты сұрақ туындады, деп еске салды депутат. 

“АҚШ, Англия мен Қытайда контент авторлары жұмысынан түскен табыстан салық төлеуге міндетті. Бұл елдерде салық прогрессивті және 40%-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл аксиома салық мәдениетіне де қатысты. Демократиялы елдерде салық мәдениеті құқық пен заңны маңызды бөлігіне айналған. АҚШ, Еуропа елдері, Жапония мен Қытайда салық төлемеу ең үлкен құқықбұзушылық болып есептеледі. Ал қазақстандық инфлюенсерлер қоғамның ағартушылық тобы, олар беделімен және талантымен көпке үлге болуға тиіс. Бұл аспект оларға үлкен жауапкершілік, әлеуметтік әділдікті артады. Әңгіме елде ұжымдық қаржылық есеп бойынша жаңа құндылық қалыптастыру жайлы”, – деп қосты Ерлан Сайыров. 

Депутат “Онлайн платформалар туралы” заңға сәйкес инфлюенсерлер кәсіпкер ретінде тіркеліп, жарнаманы таңбалауға міндетті екенін айтады. Сондықтан ол бірқатар ұсыныс енгізді. 

“Блогерлер арасында заңды сақтау туралы кеңейтілген түсіндірме жұмысын жүргізу қажет. Екіншіден, түрлі пікірдің пайда болуының алдын алу үшін инфлюенсерлердің табысын кәсіпкерлік қызметке жатқызу қажет. Сондай-ақ әлеуметтік желіде сыйлық ойнатуға жол бермеу үшін бақылауды күшейткен дұрыс”, – деп түйіндеді депутат.

Талқылау