Гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Милад Карими алтын иеленді

Каирде өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңдік жарысында спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі, Ұлттық ұлан жауынгері Милад Карими алтын медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Милад Каримидің еркін жаттығудың финалында шебер өнер көрсетіп, төрешілер тарапынан 14.133 ұпай алды.
Болгария өкілі Эдди Пенев (13.966 ұпай) күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13.866) түйіндеді.
Милад бұдан бұрын Хорватияның Осиек қаласында кермедегі жаттығудан алтын алған еді.
Милад Карими 28 сәуірде қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

