Гименопластика дәрігері жасанды "қыздықты" табиғидан қалай ажыратуға болатынын айтты
Алматылық дәрігер гименопластика көмегіне жүгінетін әйелдердің ішінде зейнетке шығар жасқа жеткендердің де барын айтып, қайран қалдырды.
Дәрігер өзінен көмек сұрап келетін әйелдердің тағдыры алуан түрлі екенін де жасырмады. Бірі зорлық көрсе, тағы бірі сезімге беріліп болашағын ойламаған, енді бірі сенген адамының өзін алдағанын бірнеше уақыттан кейін білген.
Дәрігер мұндай әйелдердің көпшілігі алдағы өмірін отбасындағы бақытқа арнағысы келетіндер деді Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Шыңғыс Сабазбеков «Aмира» клиникасында істейді. 5 жылдық еңбек өтелімінің ішінде «өз қолымен қыздығын қайтарып» берген қыздарда сан жоқ екен. Айтуынша, оның көмегіне жүгінетіндер саны жыл санап артып келеді. Олардың жас аралықтары 18-33 жас.
«Гименопластиканың екі түрі болады. Алғашқысы 40 000 тұрады және үш күнге жетеді. Яғни, операциядан кейін үш күннің ішінде төсек қатынасына түсуі керек. Ал екіншісі, одан екі есе қымбат – 80 000 теңге.
Тек отадан кейін қалпына келу үшін екі апта уақыт кетеді. Есесіне, оның әсері, тіпті, бір жылға дейін тұра береді. Алайда, ота жүз пайыз кепілдік бермейді. Мен мұны клиенттерге айтып отырам»,-дейді Шыңғыс Сабазбеков.
Операция бар болғаны, 5-10 минутқа созылады екен. Дәрігердің алдына қыздығын қалпына келтіру үшін Қырғызстан, Өзбекстан, тіпті, Ресейден де қыздар келетін көрінеді. Оның айтуынша, аптасына бұл операцяны екі-үш рет жасайды. Алдына зорлық көрген қыздардың да көптеп келетінін жасырмады.
«Сирек болса да, жастары елуілерге таяп қалған әйелдер де келеді.Мен клиенттерімнің жеке басына қатысты артық сұрақтар қойып жатпаймын. Менің міндетім – сапалы қызмет көрсету. Негізі, қыздық перде түрлі инфекциялардан қорғап тұрады.
Мүмкін, сол себеп шығар. Тек бәріне түгел қойылатын талап – арнайы медициналық тексеруден өту керек»,-дейді дәрігер.
Шыңғыс мырзаның әріптесіне он екіден бір гүлі ашылмаған қызды анасы ертіп келіп, оған гименопластика жасап беруді өтінсе керек. Кейбір арулардың алғашқы неке түні қыздық пердесі қан арқылы шықпай, күйеулері сенбей жататын кездері болады. Әлгі әйел де сондай келеңсіздікті бастан өткерсе керек.
«Мұндай қадамға кейуана қызының болашағына алаңдағаннан барып отыр, алайда, біз мұндай жағдайда ота жасамаймыз», – дейді Шыңғыс мырза.
Жасанды “қыздықтың” табиғидан айырмашылығы болады екен. Бірақ, айтарлықтай көп емес. Пәктіктің жасанды немесе табиғи екенін тек дәрігерлер ғана арнайы тексерудің нәтижесінде біле алады екен. Дегенмен, отаның осы түрін пайдаланып, ана және әйел бақытына бөленіп жүрген әйелдер көп екен. Бір мәрте шалыс басып немесе зорлыққа тап болған әйелдердің де бақытты болуға құқығы бар екенін айтқан дәрігер, өз жұмысын адал әрі өзгенің бақыты үшін атқарып жатқанына сенімді
Казыргы кезде канша тг
Менде қыздығымнан айырылдым адресы керек бул клиниканын