Никотин туралы миф: Темекі түтіні өлімге әкеле ме?
"Бір тамшы никотиннің өзі жылқыны өлтіреді" деген миф көпшіліктің санасында шылымның зиянын білдіретін анық мысал ретінде сіңіп қалған. Алайда шылым шегуге қарсы ондаған жылдар бойы қолданылып келген бұл ұран ойдан шығарылған болып шықты. Сонда бұл миф қайдан шыққан, және неге бұлай айтылған?
Бұл сұраққа австриялық фармаколог Бернд Майер 2014 жылы жазған "Адамды өлтіретін никотин мөлшері қандай?" атты ғылыми зерттеуінде жауап берді. Ол бұл мифтің пайда болуы 1906 жылы неміс фармакологы Рудольф Коберттің еңбектеріне байланысты екенін анықтады. Ал Коберт XIX ғасырдағы расталмаған жеке эксперименттерге сүйенген. Кейінірек бұл ғылыми емес деректер дәлелсіз түрде миллиондаған адамға таралып кеткен.
Никотиннің өлімге әкелетін тамшысы туралы нарративті кеңінен таратуға 1930 жылдардағы кеңестік шылымға қарсы үгіт ықпал етті. Агитациялық плакаттарда никотин тамшысы қояндарды өлтіріп жатқаны көрсетілді. Ал отыз жылдан соң қояндар жылқыға айналды. 1959 жылы Александр Штейннің "Көктемгі скрипкалар" комедиясында кейіпкер біреуге темекі ұсына отырып: "Есіңізде болсын – никотиннің бір тамшысы жылқыны өлтіреді", – деп айтады.
Осылайша, шылымға қарсы үгітке қолданылған тіркес уақыт өте келе "медициналық факт" ретінде қабылдана бастады.
"Бір ғана доза уға айналмайды"
Ортағасырлық швейцариялық дәрігер Парацельстің бұл сөзі никотинге де толықтай қатысты.
"Шылым шегу кезінде ауру тудыратын заттек – никотин емес екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Ол канцероген емес (онкологиялық ауруларды тудырмайды). Бірақ ұзақ уақыт тұтынған жағдайда тәуелділік тудырады. Алайда шылым шегудің зияны мен оның теріс салдары темекі түтініндегі жану өнімдерінің (шайырлар, канцерогендер, көміртек монооксиді және т.б.) ағзаға тұрақты әсерінен туындайды. Шылым шегудің зиянына никотин жауапты емес. Сондықтан адамдар оның негізінде жасалған, қауіпсіз баламаларды жылдар бойы пайдаланып келеді", – деп түсіндіреді кардиолог, медицина ғылымдарының докторы, кардиохирургия бойынша тәуелсіз аккредиттелген сарапшы Куат Абзалиев.
Неміс фармакологы Бернд Майер өз еңбегінде адамның ағзасы үшін никотиннің өлімге әкелетін дозасы клиникалық зерттеулерде 0,5-тен 1 грамға дейін, ал пероральды дозасы адам массасының әр килограмына 6,5-тен 13 мг-ға дейін болатынын көрсетеді. Демек, орташа салмағы 80 кг адамға өлімге әкелетіндей темекіден улану үшін бір уақытта шамамен 280 темекі шегуі керек! Мұнда алкогольмен салыстырып теңеп көрсетуге болады. Егер адам бірден 10 литр күшті спирттік ішімдікті ішсе, ол ауыр интоксикацияға ұшырап, көп жағдайда өлім құшады. Бірақ ешкім алкогольдің бір тамшысы өлімге әкеледі деп айтпайды. Дегенмен сонда да аурулар тудыратыны сөзсіз. Ал никотинді тұтыну ондай қауіп тудырмайды.
Түтіннен болған өлімнің 7 мың себебі
Өнеркәсіптік еріткіш, әйнек жуғыш, балауыз, мәйіт иісі мен ерігіш химиялық заттардан жасалған коктейльді ішкіңіз келетін бе еді? Әрине, жоқ! Дегенмен, дәл осындай улы заттар қоспасын әрбір темекі шегуші ерікті түрде тұтынады. Себебі денсаулыққа әлдеқайда қауіпті нәрсе темекі жанған кезде түзелетін заттардан болады.
Ресейдің Бас пен мойынның қатерлі ісігі бойынша мамандар қоғамы (РОСОГШ) өз сайтындағы ғылыми мақаласында халықаралық зерттеулерге сүйене отырып, темекі шегу кезінде 7 мыңнан астам химиялық қосылыс бөлінетінін айтады. Оның ішінде 250 заттың улы екені дәлелденген. Ал 69-ы канцерогендер. Бұл заттардың қауіптілігі сонша, жыл сайын пассив темекі шегушілердің арасында 600 мың мезгілсіз өлім болады.
Британ ғалымдары The Journal of Internal and Emergency Medicine журналында темекі шегетіндер мен түтінсіз темекі қыздыру жүйелерін, никотинді пластырьларды, шайнайтын резеңкелерді пайдаланатындардың токсикологиялық әсерін салыстырған зерттеуін жариялады. Нәтижесінде, түтінсіз жүйелерді пайдаланушылардың ағзасындағы улы заттардың деңгейі темекіні толық тастаған адамдармен бірдей екені анықталды.
Қорытындылай келе
Соңғы онжылдықта көптеген ғылыми зерттеулер темекінің негізгі зияны оның жануы нәтижесінде пайда болатын улы заттармен байланысты екенін дәлелдеді. Мәселен, түтінсіз баламалар, хиттерлер, орта есеппен темекі түтініне қарағанда 95%-ға зияны аз аэрозоль бөлетіні ғылыми тұрғыдан расталған. "Егер темекі шегуге қарсы күресте елеулі және жылдам жетістікке жеткіміз келсе, никотинге емес жану процесіне қарсылық танытуымыз керек, – деп атап өтті кардиолог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Абзалиев К.Б.
Сондықтан темекі түтініне қарсы күрес тек шектеулер енгізуге ғана емес, зияны аз баламаларды іздеуге де бағытталуы керек. Ал никотиннің өлімге әкелетін тамшысы туралы миф – темекі шегудің зияны жайлы қалыптасқан стереотиптік қате түсініктің жарқын мысалы болып қала береді.