Германиялық министр коронавирусқа байланысты өзіне қол салған
Германияның Гессен штатының қаржы министрі Томас Шефердің 28 наурыз күні теміржол маңынан денесі табылыпты. Полиция қызметкерлері шенеуніктің өз-өзіне қол салуы мүмкін екендігін айтуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымының мәліметінше, өлер алдында министр хат жазып қалдырыпты. Десек те хаттың мәтіні жарияланбаған көрінеді.
Томас Шефер қоғам алдына шығып бірнеше рет, Германияның коронавирус пандемиясына байланысты дағдарысқа ақша бөлуге дайын екендігін айтып жүріпті.
Гессен штатының губернатор Фолькер Буфье министрдің өлімі коронавирусқа байланысты деп айтыпты.
"Ол үнемі халықтың жағдайын қаржы министр тұрғысынан жасай аламын ба деп уайымдап жүретін. Басқа амалы жоқ болғандықтан, ол омірмен қош айтысты. Бүл біз үшін үлкен қайғы", - дейді Буфье.
Атап кетерлік жайт, Шефер Гессеннің қаржы министр лауазымын 10 жыл бойы атқарыпты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы