Германиядағы шеруге Қазақстаннан барған гей жұп өздері жайлы айтып берді (фото)
Берлиндегі гей-шеруде Қазақстаннан барған металлург пен электрик жігіттер қатысты. Олар көшеде ЛГБТ символы бейнеленген Қазақстанның туын ұстап жүрді.
Жүздеген адам жиналған шеруге Европа мен ТМД өкілдері қатысты, деп хабарлайды RTVI арнасы.
«Біз Қазақстанда болған 7 жылда жасырынып жүрдік. Тек достарымыз болды. Жоспарымыз бар еді. Бірақ кетуге тура келді», – дейді олар.
Алексей Губанков пен Денис Савчук 7 жылдан бері кездесіп келеді. Былтыр Европаға көшіп кеткен. Германияда үй сұрағанымен, оларға беруден бас тартты. Олар неміс билігінен босқын атауын алуды күтіп жүр.
Гей жұп Қазақстанда электрик пен металлург болып жұмыс істеген. Өткен айда Германияда бір жынысты болып тіркелді. Олар мәңгілік бірге өмір сүреміз деп бекінген.
«Біз осында өмір сүретін немістерге ғана ашық айта аламыз. Мұнда посткеңестік елдерден келген босқындар бар. Олардан жасырынып жүреміз. Егер бізге баспана берсе, осында босқын статусыен алып, үйленетін едік», – дейді гей жұп.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбеде сәулетшілер үйдің сәулетін гейлердің жалауындағы 7 түспен сәйкестендірген
Қарағандыда педофил құрбаны болған бес жасар қызға ота жасалды
Қызылжарлық дәрігер қатерлі ісікті анықтайтын мобильдік қосымша ойлап тапты