Германияда өлтірілген қазақстандық судьяның енесі мен күйеуіне іздеу жарияланды
Фото: kursiv.media
Ішкі істер министрлігі Германияда өлтірілген қазақстандық судьяның енесі мен жолдасына іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік Наталья Донцова мен оның ұлы Александр Донцовқа іздеу жариялады. Іс Жетісу облысында тіркелген.
Александр Донцов – Қазақстан азаматы, ал анасы ТМД елінің азаматы.
Фото: qamqor.gov.kz/criminals
Германияда мәйіті табылған қазақстандық әйелдің қолы мен мойнынан пышақ жарақаттары анықталды
Гематома мен денесі көгерген: Германияда жоғалып кеткен әйелдің ағасы жағдай туралы айтты
Судьяның өлімі туралы не белгілі?
Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германияның Бенсхайм қаласының маңынан табылды.
Судьяның денесі табылғанға дейін оның Германияда із-түссіз жоғалып кеткенін хабарланған. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.
16 маусым күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Кейін Сайлыбаеваның өлімін 35 тергеуші тексерді. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді.
Қазақстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды: Әншілер бұл туралы не ойлайды