Германияда қазақстандық экс-судьяның өліміне қатысты тергеу уақытша тоқтатылды

Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған. Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжілістегі брифингте журналистер марқұмның күйеуі Александр Донцовтың Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін бе деген сұрақ қойды. Донцов пен анасы екеуіне аталған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде халықаралық іздеу жарияланған.
Санжар Әділовтің айтуынша, қазір қылмыстық іс бойынша тергеу күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты тоқтатылған. Қазақстан тарапы Ресей жағымен белсенді хат алмасып жатыр. Ал басқа елдермен өзара іс-қимыл мәселелері Бас прокуратураның құзыретіне жатады.
“Бұл қылмыстық іс бойынша тергеу, күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылды. Қазір Ресей тарапымен белсенді хат алмасу жүріп жатыр. Ал басқа елдермен өзара іс-қимыл жасау тек Бас прокуратураның құзырындағы мәселе. Алдағы шешімді уәкілетті орган Бас прокуратура қабылдайды”, – деді Санжар Әділов.
Германияда экс-судья Сайлыбаеваның өліміне күдіктілер әлі қамауға алынбаған
Істің мән-жайы
Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германияның Бенсхайм қаласының маңынан табылған еді. Судьяның денесі табылғанға дейін оның Германияда із-түссіз жоғалып кеткенін хабарланған. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.
16 маусым күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Кейін Сайлыбаеваның өлімін 35 тергеуші тексерді. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді. Кейін оның енесі мен күйеуіне іздеу жарияланды.
2025 жылдың Айгүлдің туған ағасы Қанат Сайлыбаев күдіктілер Александр мен Наталья Донцовтардың Мәскеуде ұсталғанын хабарлады. Алайда кейін Бас прокуратура Ресей тарапы судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдіктілерді Қазақстанға бермейтінін мәлімдеді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты