Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия туралы қызықты 15 мәлімет

Германия аумағының үлкендігі бойынша Еуропадағы бесінші ел. Ол 16 жерден тұрады, олардың үшеуі Берлин, Гамбург және Бремен қалалары. Бүгінде Германия барлық жағынан алда келеді. Дамыған мемлекеттердің бірі саналатын Германия туралы көптеген қызықты деректер бар. Соған орай Stan.kz назарларыңызға Германия туралы 15 қызықты мәлімет ұсынады.

Германия туралы қызықты 15 мәлімет

  1. Венецияға қарағанда Берлинде көпір көп. Германия астанасында 960 көпір және 59,8 шаршы шақырым су бар. Яғни, ол көлдер мен 180 шақырымдық кеме жүретін су жолдары. Берлин, оның айналасындағы Бранденбургпен бірге Еуропадағы ішкі судың ең үлкен желісі болып табылады.
  2. Егер неміс автобанында көлігіңіздің жанармайы таусылып қалса, онда сіз жолда заңсыз тоқтаған болып шықтыңыз! Себебі, автомагистральдарда тек төтенше жағдайларда ғана тоқтауға рұқсат етіледі. Ал, көлік жанармайының бітіп қалуы төтенше жағдайға жатпайды. Елде осындай құқық бұзушылықтар болса жүргізушіге айыппұл салынады және ол алты айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, жол бойында жүру немесе жүгіру де заңсыз болып саналады. Егер заң бұзса 90 евро мөлшерінде айыппұл салынады.
  3. Неміс колледждерінде тіпті шетелдіктер де тегін білім ала алады. Ал, 2014 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындарында бакалавр дәрежесі үшін ақы төлеу алынып тасталды. Себебі, саясаткерлер жоғары білімге ақша төлеу қажеттілігін әлеуметтік әділетсіздік деп қарады.
  4. Германия астанасын жеті рет өзгерткен. Әр түрлі уақытта Германия астанасы Аахен, Регенсбург, Франкфурт, Нюрнберг, Берлин, Веймар, Бонн (және Шығыс Берлин) болды. 1990 жылдан бері Берлин қайтадан ел астанасы болып бекітілді.
  5. Германия тұрғындары Еуропа елдерінің арасында ең үлкені болып табылады, бірақ ол азайып келеді. Германияда шамамен 80,9 миллион адам тұрады, оның ішінде 3,4 миллионы Берлинде тұрады. Сонымен бірге бес үй қожалығының екеуі бір адамнан тұрады. Бірақ, Германия әлемдегі туу көрсеткіші ең төмен елдердің бірі және үкімет 2060 жылға қарай халық саны 67 миллионға дейін төмендейді деп  болжайды. Ал неміс әйелдері орташа есеппен 29 жасында бірінші баласын дүниеге әкеледі. Мұнда бір әйелге 1,4 баладан келеді және аналардың үштен бір бөлігі балаларды жалғыз тәрбиелейді.
  6. Германия елдер арасында иммигранттардың тұруы бойынша екінші орында тұр. Германияда тұратын иммигранттардың көпшілігі Еуропадан келген. Оның ішінде түріктер, поляктар және итальяндықтар көп. Шетелдіктердің еңбек күші туылу төмендігінің салдарын, өмір сүру ұзақтығы мен қоғамның қартаюын жеңілдетуге көмектеседі. БҰҰ 2030 жылға қарай жұмыс істейтін немістердің саны 54% -ға дейін төмендейтінін болжайды.
  7. Әлемдегі ең үлкен зообақ Берлинде. Германияда 400-ден астам зообақ бар. Ал, егер хайуанаттар бағын, жабайы табиғат парктерін, аквариумдарды, құстар саябағын, қорықтар мен сафарилерді есептесек, онда Германияда 700-ден астам осындай нысан бар.
  8. Германия – Еуропалық Одақтың ең ірі экономикасы. Елдің жалпы ішкі өнімі 3,49 триллион еуро. Бұл АҚШ, Қытай және Жапониядан кейінгі әлемдегі төртінші экономика.
  9. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жалпы неміс өндірісінің шамамен 52% -ы келеді. Бұл секторда 14 миллион жұмысшы жұмыс істейді. Неміс компанияларының 99%-ы шағын және орта болып табылады. Мысалы, бес немістің төртеуі мансабын осындай компаниялардан бастайды.
  10. Германия – әлемдегі ең ірі автоөндірушілердің бірі. 2015 жылы 6 миллион неміс автомобилі сатылды. Ал, Golf VW - барлық уақытта ең жақсы сатылған автомобильдердің бірі. 
  11. Германия – мәдени шаралар мен мекемелердің саны бойынша әлемде көш бастап тұр. 2013 жылғы есеп бойынша, республикада 6200 мұражай, 820 театр, 130 кәсіби оркестр және 8 800 кітапхана жұмыс істеді. Кез-келген басқа мемлекеттерге қарағанда, Германияда көрме залдары мен көркемөнер галереялары көп.
  12. Германияда сыраны көп ішеді. Бұл сусынның тұтынылуы бойынша, Германия Чехиядан кейінгі Еуропадағы екінші ел болып табылады. Елде шамамен 5 мың сыра сұрыбы мен 1200-ден астам сыра жасау зауыты бар.
  13. Мюнхендегі Октоберфест –әлемдегі ең үлкен ұлттық мереке. Атауына қарамастан, фестиваль қыркүйектің соңғы аптасында өтеді. Осы мерекенің тарихы 1810 жылдың 12 қазанынан басталады. Яғни, мұрагер ханзада Людвигтің ханшайым Терезаға үйлену құрметіне байланысты.
  14. Германияда қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынады, бірақ алкоголь өнімдерін ішуге емес. Бұл елде 2007 жылдан бастап қоғамдық ғимараттар мен қоғамдық көліктерде темекі шегуге тыйым салынған.
  15. Германия – климатты сақтау және энергияны үнемдеу бойынша көш бастап тұр. 2011 жылы 2022 жылға дейін барлық атом электр станцияларын (сол уақытта олар барлық электр энергияларының 18% -ын өндірді) пайдаланудан шығару және оларды жаңартылатын энергия көздерімен ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бүгінде елде тұтынылатын энергияның кем дегенде үштен бірі жаңартылатын энергия көздері арқылы өндіріледі.
Талқылау