Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия әуежайларында жұмысшылардың ауқымды ереуілі болып, мыңдаған рейс тоқтады

Германияда әуежайда қызметкерлердің ереуілі жалпыұлттық деңгейдегі көтеріліске ұласып, мыңдаған рейстер тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Getty Images

Оқиға 9 наурыз күні жексенбіде болған. Гамбургте басталған әуежай жұмысшыларының ереуілі ұлттық сипатқа ие болды. Кейін Германияның ең ірі әуежайларына әсер етті. Ереуілге байланысты мыңдаған рейстер тоқтатылып, 500 мыңнан астам жолаушыға, Франкфурт, Берлин, Мюнхен, Кельн, Бремен және басқа қалалардағы әуежайларға әсер етті. 

Фото: Getty Images

Гамбургте барлық 143 рейс тоқтатылды, Мюнхен мен Франкфуртте рейстер азайды. Ал Lufthansa әуе компаниясы барлық бағытқа қатынайтын рестердің тоқтатылатын мәлімдеп, жолаушыларға әуежайларға бармауға кеңес берді.

Ал NDR телеарнасының хабарлауынша, көптеген жолаушылар багаждарын тапсырып үлгерген және оны қайтара алмай жатыр.

Фото: Getty Images

Ереуілге себеп болған Verdi кәсіподағы жалақыны 8%-ға көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр. Бірақ жұмыс берушілер бұл талаптарды мүмкін емес деп санайды. Ереуіл бірнеше қалалардағы қоқыс жинаушыларға да әсер етті. Алдағы күндері жаңа наразылықтар болуы мүмкін.

Ал бұған байланысты келіссөздер жұма күні Потсдамда өтеді.

Фото: Getty Images

Талқылау