Геннадий Головкин мен Криштиану Роналдо Эр-Риядта кездесті (видео)
Фото: Видеодан скрин
27 желтоқсан күні Эр-Риядта World Boxing президенті әрі Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин әйгілі португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Криштиану Роналду мен Геннадий Головкин ескі достардай қауышты. Қазақстандық спортшы жариялаған видеодан спорттың қос жұлдызы бір-бірімен жылы жүздесіп, әңгімелесіп үлгергенін көруге болады.
Футболшы GGG-ден мұнда не істеп жүргенін және “әлі де шаршы алаңғы шығып жүрсің бе” деп сұрады.
Головкин келер жылы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты. 43 жастағы боксшы мансабын ресми түрде аяқтаған жоқ және қызық ұсыныс болса, рингке қайта оралуға дайын екенін жеткізген.
Ал Роналду қазақстандық спортшыны Жаңа жылмен құттықтап, оған бар жақсылықты тіледі.
Айта кетейік, Эр-Риядта салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) боксшылардың жекпе-жектері өтіп жатыр. Кеше World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин жапониялық боксшы Наоя Иноуэ (31-0, 27 КО) мен мексикалық Давид Пикассоның (32-0-1, 17 КО) жекпе-жегін тамашалады.
- Головкинді “Гена” деп атауды тоқтатыңыздар: Спорт журналисі үндеу жасады
- Геннадий Головкиннің есімі әлемдік бокс Даңқ залына енгізілді
Ал Криштиану Роналду Сауд Арабиясының “Аль-Наср” клубымен келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартты. Сондай-ақ қазір Эр-Риядта жүр.
Еске салайық, Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланған еді.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді