Генерал-майор Алматының тау бөктеріндегі 840 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды

Алматы қаласының прокуратурасы "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС-не заңсыз жекеменшікке берілген жерді мемлекетке қайтарды. 840 гектардан астам жер телімінің жалпы құны 54 миллиард теңге. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған жер телімдері су қоры санатына жатады және заң бойынша жекеменшікке берілмеуі тиіс. 12 маусым күні Алматы сотының сот алқасы қадағалаушы органның талап-арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды.
Kompra.kz порталының мәліметінше, аталған ЖШС-ны Жанна Байтенова басқарады. Ал құрылтайшылары – генерал-майор Павел Новиков пен "Халықаралық клубтар қауымдастығы" қоғамдық қоры. Қордың құрылтайшылары да Байтенова мен Новиков.
Айта кетейік, 1992–2007 жылдары Павел Новиков Қазақстан теннис федерациясының президенті қызметін атқарған.
Еске салайық, бұған дейін Астана әкімдігі 176 миллион теңгеге сатылған жер телімін 1 миллиард теңгеге қайта сатып алғаны туралы жазған едік.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты