Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Технология мен жайлылық үйлесім тапқан: Қазақстанда Geely Galaxy модельдері таныстырылды

GEELY Galaxy

21 қарашада Алматыда Allur автокомпаниясы Geely Galaxy брендінің бірден төрт моделін таныстырды. Қытайда небәрі бір жыл ішінде сатылымы 237%-ға өсіп, ішкі нарықта бірнеше рет рекорд жаңартқан Geely Galaxy енді Қазақстанға да ресми түрде жол тартып отыр. Geely Galaxy қытайлық Geely Holding-тің құрамына енеді. Бренд Geely Holding компаниясының қазақстандық жол жүру ерекшеліктеріне бейімделген шешімдерін біріктіреді. Таныстырылым “New Energy, New Horizons” ұранымен өтіп, Geely Galaxy-дің экологиялық технологияларды енгізуге және мобильділіктің жаңа бағыттарын дамытуға деген ұмтылысын айқындады.

джили

Geely Galaxy брендінің таныстырылымы Алматы қаласында өтті. Allur ел нарығында бірден 4 модельдің сатылымын бастамақ. Технология мен экологияға деген сүйіспеншілік тоғысқан бұл модельдер желтоқсан айынан бастап қолжетімді болады. Егжей-тегжейлі ойластырылған концепция, тыныш та жайлы салон, озық технологиялар - мұның бәрі тұтынушының жайлылығына ерекше мән берілгенін көрсетеді. Geely Galaxy премиум деңгейіндегі әсердің қолжетімді бола алатынын дәлелдеп отыр.

джили

Таныстырылым барысында сарапшы әрі автоблогер Диас Валиханов Қазақстанға жол тартқан төрт модельдің негізгі артықшылықтарын атап өтті. 

“Geely Galaxy-дің басты артықшылығы - модельдердің өте кең таңдауында. Ықшам кроссоверден бастап, заманауи гибридтер мен толық электрлі нұсқаларға дейін бар. Қазақстанның ерекшелігі - ірі қалалармен қатар, бір-бірінен алшақ орналасқан өңірлер көп. Мысалы, жүріс қоры жоғары гибрид – ұзақ сапарды жақсы көретіндерге таптырмас шешім. Ал экологияға баса мән беретін қала тұрғындары үшін электр көліктері қолайлы. Сонымен қатар бұл модельдер Қазақстанның жағдайына бейімделген. Яғни жоғары клиренс, астыңғы қорғаныс - жолдағы кедергілерден зақым келмеуі үшін бәрі ескерілген. Сондай-ақ технологиялардың түрлі климаттық аймақтарда, соның ішінде өте төмен температурада да тұрақты жұмыс істеуі маңызды", – деді Диас Валиханов. 

джили

Көпшілікке таныстырылған төрт модель – Geely Galaxy Preface, Geely Galaxy EX5 (электр нұсқасы), Geely Galaxy EX5 EM-i (гибрид нұсқасы), Geely Galaxy Cityray-дің алдын ала сатылымы басталды. Ал алғашқы сатып алушылар үшін 1 миллион теңге жеңілдік беріледі. 

джили

Сонымен қатар алдағы уақытта Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында Geely Galaxy-дің дилерлік орталықтары ашылады.

GEELY Galaxy

Geely Galaxy қазақстандықтарды несімен таңғалдырмақ?

джили

Geely Galaxy Cityray

Бұл мегаполис ырғағымен өмір сүретін және жайлылықтан ешқашан ымыраға келмейтін адамдарға арналған мінсіз C-класс кроссовері. Бұл - стиль мен ақылды функционалдылық үйлескен автомобиль: кең ішкі кеңістік әр жолаушыға еркіндік сезімін сыйлайды, ал үнемді шығын мен ойластырылған эргономика әр сапарды жеңіл әрі тиімді етеді. 

Модель 1,5 литрлік, 128 ат күшіне ие бензинді қозғалтқышпен жабдықталған. Көптіректі тәуелсіз аспасы жүрісті жұмсартады, сондай-ақ шанақтың асты қорғалған. Жүксалғышы электржетекті, артқы орындықтары да жылытылады. 

джили

Geely Galaxy Preface

Иесінің мәртебесін айқындайтын, бизнес-класс деңгейіндегі талғамды седан. Volvo платформасы негізінде жасалған CMA архитектурасы талғампаз дизайн мен заманауи цифрлық мүмкіндіктерді үйлестіреді.

Бұл модель артқы қатардағы кеңдікті және мінсіз әрлеу сапасын бағалайтындарға арналған.Бір көлікте ерекше дизайн, цифрлық технологиялар мен акустикалық кофморт тоғысқан. Капот астында – 200 ат күшіне ие 2 литрлік қозғалтқыш. "Үйге дейін жеткізу" функциясы бар жарықдиодты автоматты шамдар, Рульдің жылытқышы, 540° панорамалық камера жүргізу кезіндегі жайлылықты арттырады. 

Geely Galaxy EX5 (электр нұсқасы)

джили

Толығымен электрлі EX5 мегаполисте тұратындарға арнап жасалған. Экологиялық көлікті таңдаған, белсенді әрі технологияға жақын жандар үшін қолайлы. Аталған модельде де ShenDun Golden Battery фирмалық технологиясы бар. Жақсы ойластырылған дыбыс оқшаулау мен жұмсақ жүріс арқасында салон ішінде тыныштық орнап, қала әйнектің ар жағында қалғандай әсер береді. EX5 технология мен тиімділікті үйлестіреді: базалық нұсқаның өзінде жүргізушіге арналған негізгі көмекші жүйелер бар, ал икемді қуаттау мүмкіндіктері (үйде, кеңседе немесе қоғамдық станцияларда) көлікті ұстауды оңай әрі үнемді етеді.

Электр қозғалтқышының қуаты – 218 ат күші, батарея сыйымдылығы – 60,2 кВт/сағ, бір зарядпен жүретін қашықтығы – 430 км. 

Geely Galaxy EX5 EM-i (гибрид нұсқасы)

джили

EX5 EM-i – қуат пен үнемділікті үйлестірген, желіден зарядталатын гибрид (PHEV). Көлік кәдімгі қозғалтқыш пен электрдің тиімділігін үйлестіретін Thor EM-i айтты айрықша құрылғыға негізделіп жасалған. Заманауи жүргізуші ассистенттері мен жаңа буын мультимедиасының арқасында EX5 EM-i қалада да, ұзақ сапарда да бірдей жайлы. Бұл – әр сапарынан тиімділік пен технологиялық тыныштық іздейтіндерге арналған автомобиль. Себебі толық бак және қуатымен көлік 1200 шақырымды жүріп өтеді. Алдағы уақытта қазақстандық жүргізушілер де мұның рахатын сезінуге мүмкіндік алады.

Geely Galaxy-дің басқа да басым тұстары:

джили

Назархан Уән
Жұма, 28 Қараша, 2025 13:27