Газадағы атыстың тоқтауы: Тоқаев Трампты құттықтады

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізілуіне байланысты АҚШ президенті Дональд Трампты көрнекті дипломатиялық жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды”, – делінген хабарламада.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды