Газада он бала аштықтан көз жұмды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторының солтүстігіндегі Камал Адван балалар ауруханасында он баланың аштықтан өлгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ЮНИСЕФ
ДДСҰ Газаға 2023 жылдың қазан айынан бері 2 наурызда ғана алғаш рет барған. Газаға 9500 литр жанармай мен қажет дәрі-дәрмек жеткізілді. Камал Адван ауруханасы – Газаның солтүстігіндегі жалғыз балалар ауруханасы.
Азық-түлік тапшылығы он баланың өліміне әкелген.
Электр қуатының болмауы пациенттердің күтімі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Әсіресе, жансақтау бөлімі және нәрестелер бөліміне қауіп төніп тұр.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Газа тұрғындарына әуеден азық-түлікті лақтыратынын мәлімдеген еді.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"