Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі қызметінен босатылды: Орнына экс-депутат Жұлдыз Сүлейменова келді

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі қызметінен босатылды: Орнына экс-депутат Жұлдыз Сүлейменова келді

Фото: Оқу-ағарту министрлігі/Іnstagram.com/deputat_zhuldyz_suleymenova

29 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Ғани Бейсембаевты қызметінен босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды”, – деп жазды Ақорда.

2022 жылы Оқу-ағарту вице-министрі болған Ғайни Бейсембаевты президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 4 қаңтарда Оқу-ағарту министрі етіп тағайындады.

Оның орнына Тоқаев экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованы тағайындады.

Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған:

Бакалавриат – "Тарих" мамандығы;

Магистратура – "Философия және саясаттану" мамандығы;

Докторантура (2008–2011) – “Философия және саясаттану” мамандығы. Сондай-ақ АҚШ, Оңтүстік Корея, Литва, Финляндия университеттерінде біліктілігін арттырған.

Еңбек жолын әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Ақтөбе институтындағы Алматы экономика және статистика академиясының жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы қызметінен бастаған.

  • Алматы қаласында Ы.Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназиясында тарих және құқық пәні мұғалімі;
  • Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары;
  • Халықаралық Бизнес академиясында студенттермен жұмыс жөніндегі декан;
  • “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Білім саясаты және бағдарламалары департаментінің аға менеджері;
  • “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Даму департаментінің директоры (2017–2021 ж. қаңтар) қызметтерін атқарған.
  • 2023 жылдың наурызынан бері AMANAT партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің VIII шақырылым депутаты.
Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 09:58
Талқылау