Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Галышева қолының сынғанына қарамастан қола алқаны иеленіп, америкалықтарды тамсандырды

Пхенчхан қаласында өткен қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан еншісіне бірінші жүлдені Юлия Галышева сыйлады.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына  бірінші жүлдені фристайлитші Юлия Галышева сыйлады. Ол сынған қолына қарамастан, могулда қола медальді жеңіп алды.

Могуль – шаңғы фристайлының пәні. Онда спортшылар тау баурайларымен беткейлерге төмен түсіп, трамплиндерде секіреді.

Олимпиада чемпионы 1992 жылы 23 қазанда Өскемен қаласында туылған. Ол 13 жастан бастап халықаралық жарыстарда қытысып келген. Бұл Юлияның Ванкуверден және Сочиден кейінгі үшінші олимпиадасы.

Споршының қоржынында 2011-ші Азия ойындарының және Универсиада 2015-тің алтын алқасы, сондай-ақ әлем кубогы мен чемпионаттарында жеткен жеңістері бар.

Юлия Қазақ туризм және спорт академиясында оқиды.

Қолының сырғанына қарамастан, Қазақстан еншісіне қола жүлдені табыс еткен жас споршы туралы америкалық ChicagoTribune.com. желісі жазды.

«Қазақстандық споршы Юлия Галышева өткен айда Юта жарыстарында қолын жарақаттап алған. Спортшы қолының сынғанына қарамастан өз елінің еншісіне қола жүлдені қанжығалап берді. Бұл қысқы ойындар бойынша Қазақстанның Кеңес Одағынан бөлініп шыққалы иеленіп отырған сегізінші жүлдесі»,-деп жазады басылым.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарындағы төмен нәтиже үшін кешірім сұрады 

Арыстанбек Мұхамедиұлы Пхенчхан-2018 Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды қолдауға келді 

Пхенчхан-2018 Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың өнер көрсету кестесі 

Юлияға мың алғыс: Министр Қазақстанның алғашқы жүлдесіне пікір білдірді 

 

 

Талқылау