Ғалымдар ұзақ жылдар бойы тату тұратын некедегі жұптардың құпиясын анықтады
Америка ғалымдарының айтуынша, бақытты ерлі-зайыптылардың ДНҚ-сының кейбір бөліктері өте ұқсас келеді екен. Бақытты некенің құпиясы осында.
Сурет: 7sunews.kz
ДНҚ ұқсастығы ерлі-зайыптының мінезі бірдей екенін, сондықтан олардың болмашы нәрсеге ұрыспай, бір-бірін сөзсіз түсінетініне кепілдік береді.
Биологтар некеде 30 жылдан астам уақыт болған 830 отбасылық жұпты арнайы ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстырды. Олардың ішінде 1930 және 1950 жылдар аралығында дүниеге келген жұптар ДНК зерттеу жұмысына келісім берді.
Осылайша, генетиктер ерлі-зайыптылар ДНҚ-сының ұқсас келуімен олардың өз некелеріне ризашылықтары арасында тікелей байланыс барын анықтады.
Уикипедия анықтамасы: Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі – ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.