Ғалымдар: Ұйқы алдында тамақ жеу жүрек ауруларына шалдықтырады
Осыған дейін де бұл мәселе туралы талай ескертулер жасалып келеді. Соның өзінде бұл сөзге ешкім құлақ түріп тыңдап жатқан жоқ. Осы жолы ғалымдар халыққа сөздерін дәлелдеу үшін тәжірибе жасапты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ұйқы алдында желінген ас артық салмаққа әкеліп қана қоймай, қант диабеті мен жүрек ауруларына шалдықтырады. Experimental Physiology журналының хабарлауынша, бұл тұжырымды Мексика Университетінің ғалымдары жасаған.
Зерттеу барысында ғалымдар қан құрамында триглицериді бар көртышқандарды алып оларды әртүрлі уақытта тамақтандырған. Бірін – уақытылы тамақтандырса, екіншісін – ұйқы алдында тамақтандырған.
Нәтижесінде, екінші топтағылардың қанындағы триглицерид көлемінің өскенін байқаған. Бұл өз кезегінде, қант диабеті мен жүрек ауруларынының пайда болу қаупін арттырады.
Әліпби ретімен орналасқан қазақша түс жору кітабы >>>
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі